20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Қазақстандық қажылар толығымен елге жетті

Қазақстандық қажылар толығымен елге жетті

Ел іші
Жарнама

23 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz  – Қазақстан қажылары парыз құлшылықтарын толығымен орындап, елге оралды, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы 9-да Мадинадан ұшқан рейс Шымкент қаласына келіп қонды. Бұл рейсте 149 адам болатын. Осылайша елден аттанған 3200 қажы туған жеріне толығымен оралды. Олар Мекке мен Мадина қалаларындағы зиярат орындарында болды.

Отандастарымыздың  қиындықсыз құлшылық жасауын Қазақстан қажылық миссиясының жұмыс тобы бақылаған болатын. Әр фирмаға тиесілі 18 дәрігерден бөлек, миссия қосымша 3 дәрігерді алып барды.

Биыл күн өте ыстық болып қажылар аздап қиналғанымен, медициналық топ дер кезінде көмекке келді. Ең бастысы қажыларымыз парызын өтеп туған жерге табаны тиді.

Бөлісу: