28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Абай атындағы мектеп-гимназия ашылады

Абай атындағы мектеп-гимназия ашылады

Ел іші
Жарнама

23 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елордада 1 қыркүйекте Абай атындағы мектеп-гимназия ашылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы «Біз Абайды ұлықтау арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық рух дарытамыз. Абай арқылы елімізді әлемге паш етеміз, Абай мұрасы – біздің қастерлі қазынамыз» деп айрықша атап өткен болатын. Осы рухани қазынамызды саф алтындай сақтап, таза күйінде келешек ұрпаққа жеткізу, олардың санасына Абай айтқан ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек деген үш қасиетті сіңіру – біздің міндетіміз деп білемін. Осы қағиданы берік ұстана отырып, ыстық қайрат дегеніміз – спортқа баулу, нұрлы ақыл – санасына білім нәрін құю, жылы жүрек – эстетикалық тәрбие беру деп түсінуіміз керек деп ойлаймыз», - деді Бақтияр Мәкен елордада Абайдың туғанына 174 жыл толуына орай өткен іс-шара барысында.

Қала әкімінің орынбасары 1997 жылы елордадағы үлкен даңғылғаАбайдың есіміберілгенін еске салды.

«Тәуелсіздік алғалы бері қазір бәріміз жиналып тұрған даңғыл – елордадағы ең үлкен көшелердің бірі болып саналады. Алдымыздағы Абайдың ескерткіші 2010 жылы ашылды. Ұлы Абай мұрасы елордамыздың ұдайы түрде насихатталып, қыруар істер атқарылуда. Сіздердің алдарыңызда біз де үлкен жаңалық айтқымыз келеді. Құдай қаласа, балалар мектепке баратын 1 қыркүйекте осы елордамызда Абай атындағы үлкен гимназия ашпақпыз. Сол гимназияға баршаларыңызды шақырамыз», - деді Бақтияр Мәкен.

Бөлісу: