28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Бас мешітке жаңа наиб имам тағайындалды (ФОТО)

Бас мешітке жаңа наиб имам тағайындалды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

30 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін, қасиетті жұма күні Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде қызметтік ауыс-түйіс орын алды muslim.kz  сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Ашылғалы бері «Әзірет Сұлтан» мешітінде қызмет атқарып келген наиб имам Қуат Ерғалиұлының Түркия еліне оқуға аттануына байланысты шығарып салу рәсімі өтіп, орнына тағайындалған наиб имамды жамағатқа таныстырды. Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің бұйрығы бойынша Жүсіпов Ерболат Нұрылдаұлы Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешітінің бас имамы қызметінен босатылып, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы қызметіне кірісті.

Жұмаға жиылған жамағатқа ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жаңа қызметкерді таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Алты жылдан астам уақыт бойы Өскемен қаласында ұстаздық қызмет атқарып, кейіннен Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында бас имам болып жұмыс атқарған Ерболат Нұрылдаұлының біліктілігі мен білімі жайлы, қарым-қабілеті турасында лебіз білдіріп, жамағатқа қысқаша ақпарат беріп өтті.

Жүсіпов Ерболат Нұрылдаұлы 1977 жылы 8-желтоқсанда Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. Үйленген, 3 баласы бар.

1995-97 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Ынтымақ совхозы «Таяқты ишан» мешіті жанындағы медреседе діни сауатын ашқан.

1997-2001 жылдары Қызылорда қаласы «Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің экономика факультетін тәмамдаған.

2001-03 жылдары Сирия, Дамаск қаласындағы шетелдіктерге арналған араб тілі институтының толық курсын аяқтаған.

2012-14 жылдары «Нұр Мүбәрак» ислам мәдениеті нуиверситетінің «Дінтану» мамандығы бойынша магистратура тәмамдаған.

2014-16 «Нұр Мүбәрак» ислам мәдениеті нуиверситетінің «Исламтану» мамандығы бойынша магистрлік білім алып шыққан.

2006-12 жылдары ШҚО, Өскемен қаласы мешіттерінде ұстаз болып қызмет атқарған.

2013 жылы Мысыр еліндегі әл-Азһар университетінде тәжірибелік жетілдіру курсынан өткен.

2015 жылы Малайзия Теренгану қаласындағы «Сұлтан Зайнуль Абидин» университетінде тәжірибелік жетілдіру курсынан аяқтаған.

2013-16 жылдары Алматы қаласы, Алатау аудандық «Заря Востока» мешітінде наиб имам қызметін атқарған.

2016-19 жылдары Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, «Нұртай» Орталық мешітінің бас имамы болып жұмыс жасаған.

Бөлісу: