29
Жұма,
Наурыз

һижри

Жаңа кітап жарық көрді

Ел іші
Жарнама

4 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Діндегі сенім мәселелерін қамтыған «Пайғамбар (с.ғ.с.) ақидасы» атты жаңа кітап жарық көрді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

«Нұр-Мүбарак» баспасынан жарық көрген еңбекте бүгінгі таңдағы дін ұстанушылар арасында туындаған сенім мәселелеріне қатысты талас-тартыстардың ғылыми-талдаулық негізде шешімдері қарастырылған.

Кітапта «Ханафи» және «Матуриди» ақидасының шежіресі, Пайғамбар (с.ғ.с.) ілімінің бізге жету тізбегі, таухидті үшке бөлу мәселесінің қателігі, мүтәшабиһ аяттар, иман мен амалдың ара қатынасы, т.б. имандылық пен этикалық өзекті мәселелер ғылыми-тәжірибелік негізде талданған.

Дәстүрлі емес жат ағым өкілдерін оңалтуға арналған әдістемелік құралдың авторы Ислам ғылымдарының PhD докторы, жас ғалым Серік Тәжібаев. Ал, аталған еңбек Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің проректоры, доцент, PhD доктор Қайрат Құрманбаев редакторлығы және жетекшілігімен жарық көрген.

Қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген әдістемелік құралға ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің дінтану сараптамасының оң қортындысы берілген. Сонымен бірге ҚМДБ-ның сараптау комиссиясы мақұлдаған аталған кітапқа «Әл-Азһар» университетінің «Усул ад-Дин» кафедрасының (PhD) докторы, «Нұр-Мүбарак» университетінің «Ақида және философия» бөлімінің меңгерушісі, ақида саласының ғалымы Мадих Абдул-Жауад пікір жазып оң бағасын берген.

WhatsApp Image 2019 09 03 at 11.21.45

Бөлісу: