29
Жұма,
Наурыз

һижри

РАНТ мүшесі Асқар Әбітайұлы Ақтөбеде іссапарда

РАНТ мүшесі Асқар Әбітайұлы Ақтөбеде іссапарда

Ел іші
Жарнама

5 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Кеше, 4 қыркүйекте, Ақтөбе қаласына Елорда төрінен республикалық ақпарттық-насихат тобының мүшесі, «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы Асқар Мұқанов іс-сапармен барды, деп хабарлайды nurgasyr.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Астаналық қонақ өңірдегі алғашқы қадамын «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінен бастады. РАНТ мүшесі сәрсенбілік ақшам намазынан кейін ғибадатхана жамағатымен кездесіп, әртүрлі тақырыпта мазмұн-мағыналы уағыз айтты.

Асқар Әбітайұлының шынайы мұсылманның сипаты, тақуалық, көркем мінез хақындағы уағызы жергілікті жамағат көңілінен шықты. Сондай-ақ, жалпы отбасы құндылығы, соның ішінде бала тәрбиесінің маңыздылығы, әсіресе, қазіргі уақытта балалардың ұялы байланыс телефондарына байлануы мен ғаламторға тәуелді болуы сынды тақырыптағы уағызы өзектілігімен көпке ой салды. Өз кезегінде ақтөбелік жамағат та астаналық имамға көкейдегі сауалдарын қойып, тиісінше жан-жақты да тұшымды жауап алды.

Бүгін Асқар Әбітайұлы бесін намазынан кейін – «Досжан Хазрет» мешітінде, ал ақшам намазынан соң – қалалық мешітте уағыз айтады.

Ертең, 6 қыркүйекте, елордалық қонақ «Нұр Ғасыр» мешітінде Жұма уағызын жүргізбекші. Ал, ақшам намазынан кейін «Нұр Дәулет» мешітінде уағыз айтуы жоспарланып отыр.

Құрметті жамағат! Баршаңызды РАНТ мүшесі Асқар Мұқановтың тағылымды уағыздарын тыңдауға шақырамыз.

WhatsApp Image 2019 09 04 at 21 32 14 1

WhatsApp Image 2019 09 04 at 21 32 14 2 1

WhatsApp Image 2019 09 04 at 21 32 13

WhatsApp Image 2019 09 04 at 21 32 14

 

Бөлісу: