19
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Бас мүфти Съезд хатшылығының кезекті отырысына қатысты (ФОТО)

Бас мүфти Съезд хатшылығының кезекті отырысына қатысты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

18 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі XVIII хатшылығының отырысы өтті. Отырысқа ҚР Парламенті Сенатының төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Дариға Назарбаева төрағалық етті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Хатшылық жұмысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, сонымен қатар дәстүрлі діндер көшбасшылары қатысты.

«Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бірінші съезі өткен кезден бері 16 жыл өтті. Сол сәтте қонақжай қазақ жері алғаш рет бейбітшіл, достық пейілді және жемісті конфессияаралық диалогты жүргізу үшін ашық алаңға айналған болатын. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу идеясының авторы болды», - деді отырысты ашқан Сенат спикері.
Бүгінгі отырыста Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съезд қорытындылары мен Хатшылық қызметінің келешегі сөз болды. Сонымен қатар 2021 жылы VII Съезд өткізу бойынша ұсыныстар талқыланды.

Кездесуден кейін Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы дін лидерлерімен пікір алмасып, мемлекеттік телеарналарға сұхбат берді.

348A9974

348A0045

348A0020

348A0001

348A0028

348A0007

348A9990

348A0054

348A0060

348A0099

 

Бөлісу: