13
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Бас мүфтимен ашық әңгіме: Діни ахуал сөз болды (ФОТО)

Бас мүфтимен ашық әңгіме: Діни ахуал сөз болды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

20 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз белгілі қаламгер, саясаттанушы Кенжеболат Жолдыбаймен жүздесті, - деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Кездесуде еліміздегі діни ахуал, мешіттердің тыныс-тіршілігі, дін қызметкерлерінің жұмысы сөз болды. Бас мүфти Кенжеболат Махмұтұлына келесі айда өтетін ІІІ республикалық имамдар форумы жайлы әңгімелеп берді. Серікбай қажы Сатыбалдыұлы осы форумда қабылданатын «Діни рәсімдердің тізілімі» құжатына айрықша тоқталып, оның маңызын сөз етті.

Кездесуде мүфтияттың ақпарат кеңістігіндегі жұмысын жандандыру жайы да қозғалды. Кенжеболат Жолдыбай бұл бағытта өз тарапынан қолдау көрсетілетіндігін жеткізді. Сұхбат барысында имам-молдалардың уағызы мен қоғамдық пікірдің үйлесімі талқыланды.

Басқосу соңында қоғам игілігі үшін ізгі істер мен жобаларды бірлесе жүзеге асыру мәселелері пысықталды.

Бөлісу:

Пікірлер қалдыру