26
Жұма,
Сәуір

һижри

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы мөлшері өседі

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы мөлшері өседі

Ел іші
Жарнама

1 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz  –  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов елімізде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы мөлшері қаншаға өсетініне қатысты пікір білдірді, , деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.


Министрдің айтуынша, Қазақстанда орташа зейнетақы көлемі 86 мың, максималды мөлшері 117 мың теңге.

«Елімізде зейнетақы төлеміне қатысты ешқандай мәселе жоқ. Ай сайын кесте бойынша беріліп жатыр. Бұл тұрақты жүйе. Зейнетақы мөлшері жыл сайын инфляция деңгейінен +2 пайызға артып келеді. Өткен жылы – 2018 жылдың ортасында базалық зейнетақы төлемі айтарлықтай өсті. Одан бөлек, әртүрлі деңгейдегі жәрдемақылар да бар. Мәселен, бүгінгі біз құттықтаған Александр Торкин қатарлы соғыс ардагерлерінің зейнетақысына қосымша берілетін 40 мың теңгелік жәрдемақы бар», - деді Біржан Нұрымбетов ардагер Александр Торкиннің үйіне барып, құттықтағаннан кейін тілшілерге берген сұхбатында.

Бөлісу: