19
Жұма,
Сәуір

һижри

Мекенжай анықтамасымен бірге тағы 28 анықтама жойылады

Мекенжай анықтамасымен бірге тағы 28 анықтама жойылады

Ел іші
Жарнама

2 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz  –  Қазақстанда 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасының жойылатыны белгілі. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация басқармасының төрағасы Әсемгүл Балташева одан бөлек тағы 28 анықтаманың да жойылатынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Елімізде мекенжайы анықтамасын жою – жұмыстың басы ғана. Біз қазіргі уақытта дәл осындай 28 анықтаманы жоюды көздеп отырмыз. Яғни, тағы 28 анықтаманы алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті болмай қалады», - деді Әсемгүл Балташева елордада өтіп жатқан «Цифрлық күз» шарасында.

Оның айтуынша, әртүрлі сипаттағы анықтамалар мен құжаттар өмірлік қажеттіліктерден туындайды.

«Біз шетелдік тәжірибелердің көбін зерттеп, қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру үшін ауқымды талдау жұмыстарын жүргіздік. Белгілі бір құжатты алу үшін міндетті түрде уақыт бөліп, мекеме аралаудың қажеттігі жойылып барады. Мемлекеттік қызметтерді алудың проактивті түрде алу мүмкіндігін жолға қойдық. Проактив дегеніміз – қызметтің өзінің азаматтарды іздеп табуы дегенді білдіреді. Қайда барам, не істеймін деп бас қатырудың керегі жоқ. Осынау 28 мемлекеттік қызметтің түрін 17 проактивті қызметке ауыстырып жатырмыз. Яғни, 28 қызметтің түрін регистрден алып тастаймыз», - деді Әсемгүл Балташева.

Бөлісу: