28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Елорда мешіттерінің ұстаздарына құрмет көрсетілді (ФОТО)

Елорда мешіттерінің ұстаздарына құрмет көрсетілді (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

8 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елордамыздағы мешіт ұстаздары үшін бұл апта басы қуанышқа толы басталды. Кешегі өткен Ұстаздар күнінің құрметіне орай Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен Елордамыздағы мешіттерде ұстаздық қызмет атқарып, жамағаттың діни сауатын ашып келе жатқан білікті мамандарымызға арнайы басқосу ұйымдастырылды, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Марат Бектазинов ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтап, бүгінгі басқосудың маңыздылығын атап өтті. Бірінші наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау лебізін жеткізіп, ұстаздық қызметтерін абыроймен атқара берулеріне тілек білдірді.

Айта кетейік, ҚМДБ басымдық беретін төрт бағыттың бірі – оқу-ағарту жұмыстары қазіргі таңда еліміз бойынша бірізділікке түсіп, жыл сайын мыңдаған жамағат мешіттерден діни сауатын ашып келеді. Ең білікті  мамандардан жасақталған Елорда мешіттерінің ұстаздар құрамы да жыл санап жаңа оқу сатысын бағындырып, арабша «тіл сындырған» шәкірттер қатары да көбейіп келеді. Осылайша, ұстаздар қауымының жетістіктерін айтып жігерлендірген Марат Бектазинов өзара тәжірибе алмасып, оқыту жүйесін дамыта түсуге шақырды.

Кездесу соңында ұстаздарға арнайы «Алғыс хат» табысталып, гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтар берілді.

Бөлісу: