28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

«Нұр Астана» мешітіне Бас имам тағайындалды

«Нұр Астана» мешітіне Бас имам тағайындалды

Ел іші
Жарнама

11 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Астана қаласындағы «Нұр Астана» мешітіне жаңа Бас имам тағайындалды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен бас имам қызметіне осыған дейін «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы қызметін атқарған Нұрлан Рамазанов тағайындалды.

ҚМДБ-ның Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Алтынбек Ұтысхан  қасиетті жұма намазына жиылған жұртшылықпен жүздесіп, жамағатты жаңа Бас имаммен таныстырды.

 Бұған дейін «Нұр Астана» мешітінің бас имамы қызметін абыроймен атқарған Асқар Мұқанов басқа қызметке ауысты.

Бас мүфтидің бұйрығын оқып берген Алтынбек Ұтысханұлы Нұрлан имамды жаңа қызметімен құттықтай отырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Жаңа жауапты қызметке ауысып бара жатқан Асқар имамға жамағаттың атынан рахмет айтып, алғыс білдірді.

Рамазанов Нұрлан Бекболатұлы

1985 жылы  14-қазанда Ақмола облысы, Көкшетау қаласында дүниеге келген.

2000-2003 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласындағы «Даруль-арқам» Құран жаттау қарилық медресесінде оқыған.

2003-2005 жылдары Алматы қаласындағы «Тайба» қазақ-араб колледжінде білім алған.

2005-2009 жылдары «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» факультетін тамамдаған.

Сирия Дамаск қаласындағы «Фатхул ислам» институтының курсында; Египет астанасы Кайр қаласындағы «Әл-Әзһар» университетіне қарасты  имамдардың білім жетілдіру курсында; «Нил» араб тілі орталығында; Египет Александрия қаласында Уақыф және Ислам істері министірлігіне қарасты «Әбу Бәкір Сыддық» орталықтарында діни білімін жетілдірген.

«Әт-тәуил - оған қатысты әһли сүннеттің ұстанымы» ақида кітабының авторы, «Калила уа Димна» кітабын қазақ тіліне аударған аудармашылар қатарында.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ:

2009-2011 жылдары Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы;

2011-2013 жылдары Атырау облысы, Құрманғазы аудандық «Темірәлі» мешітінің бас имамы;

2013-2014 жылдары Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы;

2014-2017 жылдары «Нұр Астана» Орталық мешітінің найб имамы;

2017-2019 жылдары республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы;

2019 жылы наурыз айынан бері «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы қызметін атқарған.

Сондай-ақ деструктивті діни ағым өкілдерімен идеалогиялық түсіндірме жұмыстарын жүргізу тәсілдері және діни ортада мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша көптеген семинарлар мен білім жетілдіру курстарынан өтті.

РАНТ және ЖАНТ (Республикалық және жергілікті ақпараттық насихат тобы) мүшесі. 10 жылдық жұмыс тәжірибесі бар білікті маман.

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Бөлісу: