12
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Семей өңіріне жаңа өкіл имам тағайындалды (ФОТО)

Семей өңіріне жаңа өкіл имам тағайындалды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

18 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бұйрығымен Асқар Әбітайұлы Мұқанов Семей өңірі бойынша өкіл имам Семей қалалық «Қос мұнаралы» орталық мешітінің бас имам қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қайырымдылық және уақып істері бөлімінің меңерушісі Камалжан Бекбосынұлы Тұрдыбаев жұма намазы алдында «Қос мұнаралы» орталық мешітінің ұжымы мен жамағатқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының ыстық сәлемін жеткізіп жаңа басшыны таныстырып, бас мүфтидің бұйрығын оқып берді.

Ал бұған дейін Семей өңіріне өкіл имам болған Мақсат Қуанышұлы Алтыбайға Алғыс хат табыстап, иығына шапан жапты. Саналы өмірі мен бар білімін Семей өңірінде дін исламның өркендеп, дамуына арнаған дін қызметкері алдағы уақытта мешіттің наиб имамы ретінде жұмысын жалғастыратынын айтты.

Асқар Әбітайұлы Мұқанов


1984 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында туған.

Осы ауылдағы «Б.Соқпақбаев» атындағы орта мектеп-гимназияда 1991-2001жылдар аралығында оқыған.

2005-2013 ж.ж. Египет Араб республикасы Каир қаласы «Ал-Азһар» Ислам университетінде «Шариғаттану» мамандығы бойынша тамамдады. Оқу жылдарында ҚР-ның Египет Араб республикасындағы елшілігінің тағайындауымен ҚР-ның Мысырдағы студенттерге жауапты староста қызметін атқарды.

2014-2016 жылдар аралығында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша магистратураны бітірген.

2014 жылы Мәскеу қаласындағы «Терроризм мен Экстремизмнің алдын алу жолдары» мақсатында жүргізілген 2 апталық семинарға қатысып сертификат алды.

2015 жылы ҚР-сы Призиденті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында саясаттану, әлеуметтану пәндері бойынша 1 апталық семинарға қатысып сертификат алды.

2010 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылы, мешітте және «Үшқоңыр» медресесінде ұстаз.

2013-2015 жылдары Алматы қаласы, Бостандық ауданы «Орбита» мешітінде наиб имам.

2013 жылдан бері ҚМДБ-ның жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-насихат (РАНТ) және Жергілікті ақпараттық-насихат (ЖАНТ) тобының тұрақты мүшесі. РАНТ жұмысы барысында теріс ағымның алдын алу мақсатында исламтанушы-теолог.

2014-2015 ж.ж. Нұр-Мубарак Египет ислам мәдениеті университетінде тәрбиеші ұстаз болған.

2015 жылы қараша айынан бастап Астана қаласы Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде сауат ашу курсы, теріс ағыммен жұмыс жасау бағыттары бойынша наиб имам.

2017 жылы мамыр-желтоқсан айлары аралығында «Әлжан ана» мешітінің бас имамы.

2017-2018 ж.ж. Астана қаласының өкілі имамы, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы.

2018 жылдың қазан айынан бастап, 2019 жылдың қазан айына дейін «Нұр Астана» қалалық мешітінің бас имамы.

2017-2019 ж.ж. қазан айынан бастап «Әлжан ана» мешітінің жанынан ашылған «Имамдардың білімін жетілдіру және кәсіби қайта даярлау» Республикалық орталығының директоры қызметінде болды.

2019 жылдың қазан айынан бастап ҚМДБ-ның Семей өңірі бойынша өкіл имамы болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Діни бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен өткізілетін жиындардың ҚМДБ өкілі ретінде тұрақты қатысушысы.

Араб тілін жетік меңгерген. Отбасылы 4 баласы бар.

0x0 5

0x0 6

0x0 7

0x0 8

0x0 9

0x0 10

0x0 11

0x0 12

Бөлісу: