19
Жұма,
Сәуір

һижри

Маңғыстау: Бірінші наиб мүфти облыс әкімімен кездесті (ФОТО)

Маңғыстау: Бірінші наиб мүфти облыс әкімімен кездесті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

21 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысының әкімі Трұмов Серікбай Өтелгенұлымен кездесті, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Кездесу барысында Наиб мүфти облыс әкіміне  Бас мүфтидің сәлемін жеткізіп, алты жыл облыс имамы болып қызмет атқарған Смайыл Сейтбековтің Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына бөлім меңгерушісі болып ауысып жатқанын айтты. Облыс имамы болып жаңадан тағайындалған өкіл имам Ануар Ізімбайұлы Елжановты таныстырды.

Өз кезегінде, облыс әкімі Смайыл Сүйерқұлұлына алты жыл бойы облыстың рухани дамуына үлес қосқаны үшін және көптеген шараларды жүзеге асырып, дін саласында атқарған қызметіне ризашылығын білдіріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Арнайы алғыс хат беріп, сыйлық табыстады. Жаңадан тағайындалған өкіл имам Ануар Елжановқа жаңа қызметінде табыс тіледі.

IMG 20191018 WA0026

1917740d ca7b 4992 8358 ea3c7f70556b

5432c7de 8a38 4627 a480 9d8cbf67b8cc

3635c8b7 55f6 4d2e b083 42a18c4a7c1f

10800cdf 2d5a 437a ad66 2831440b5892

Бөлісу: