26
Жұма,
Сәуір

һижри

Жаңа газет оқырмандарға жол тартты

Жаңа газет оқырмандарға жол тартты

Ел іші
Жарнама

23 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елордада өтіп жатқан ІІІ Республикалық имамдар форумында жиналған көпшілікке ҚМДБ-ның  ресми «Munara» газетінің алғашқы саны таныстырылды, деп хабарлайды kazislam.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Айына 2 рет сейсенбі, жұма күндері жарық көретін газет Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп, арнайы куәлік берілген. Газеттің бас редакторы – танымал журналист Серікбол Хасан, таралымы – 25 мың дана.

«Munara» газеті – ҚМДБ-ның ресми басылымы. Газетте руханияттың барлық тақырыбы көтеріледі. Тарихи тамырымыздан бастап салт-санамыз, әдет-әдебіміз, тарихи тұлғаларымыз, таным-түсінігімізге қатысты материалдар, дін мен дәстүрді, имандылық пен ізгілікті арқау еткен дүниелер жарияланып отырады. Газет еліміздің барлық аймағына тарайды, әзірге айына 2 рет шығады. Сондай-ақ, мүфтияттың атқарып жатқан шаралары, ҚМДБ-ға қарайтын мекемелердің ерен істерін де көрсетіп отыруға тырысамыз.» — дейді басылымның бас редакторы С.Хасан.

Бөлісу: