24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Тәуелсіздікке арналған студенттер арасындағы Халықаралық шығармашылық бәйге

Тәуелсіздікке арналған студенттер арасындағы Халықаралық шығармашылық бәйге

Ел іші
Жарнама

9 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ел тәуелсіздігінің 28 жылдығына «Тәуелсіздік және дін» атты халықаралық шығармашылық бәйгесі өтеді, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бәйге екі бағытта:

Діни өлең-жырлар

Бас жүлде – Қажылық

1-орын: Умра қажылығы

2-орын: 200 000 теңге

3-орын: 100 000 теңге

Діни публицистикалық мақала

Бас жүлде – Қажылық

1-орын: Умра қажылығы

2-орын: 200 000 теңге

3-орын: 100 000 теңге

Бәйге мақсаты: Тәуелсіздігімізді ұлықтау, бейбітшілік пен ел дамуындағы діннің рөлі, ұлттық құндылықтарды насихаттау, дәстүрлі тәлім-тәрбиенің асыл жауһарларын таныту, отансүйгіштік ұлы мұратты ұрпақ санасына сіңіру, сан ғасырлар бойы қалыптасқан діни мұра, салт-дәстүрді жас буын бойына дарытып, санасына қалыптастыру. Сондай-ақ жас ақындар мен шығармашыл жастарды қолдау, Отан және дін, туған жер, тәуелсіздік жайлы жаңа туындылардың жарық көріп, насихатталуына ат салысу.

 Бәйге шарттары:

  1. Қазақстан және алыс-жақын шетелдерде білім алушы студенттер қатыса алады (ЖОО, медресе, колледж).
  1. Екі бағытта да бір материалдан ғана қабылданады: бұрын еш жерде жарияланбаған болуы шарт. 14 қаріп түрімен 1,5 аралықта терілген, (өлең 3 беттен, мақала 5 беттен) аспауы тиіс. Талапқа сай келмейтін туындылар қабылданбайды.
  1. Инстаграмм желісіндегі @nmu_kz аккаунтына және ондағы демеушілерге тіркеліп (подписки), пікір ретінде 3 досын белгілеп, осы ақпаратпен өз парақшасында бөлісу шарт.

Мерзімі: 2019 жылдың 10 желтоқсанға дейін This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштасына жіберілуі тиіс.

Қосымша: Үміткердің Аты-жөні, өзі жайлы қысқаша түйіндемеде шығармашылық жетістіктері болса, қоса көрсету қажет.

Іріктеуден өткендер Алматы қаласында Нұр-Мүбарак университетінде өтетін ақтық сында арнайы қазылар алдында өз туындысын қорғай алуы тиіс. Іріктеуден өткен шет елде білім алушы студенттердің ақтық сынға қатысуы қарастырылады.

Ұйымдастырушылар: Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Қазақстан Жазушылар одағы, «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» акционерлік қоғамы.

Бөлісу: