29
Жұма,
Наурыз

һижри

Әуежайға Абай есімі беріледі

Әуежайға Абай есімі беріледі

Ел іші
Жарнама

12 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Семей қаласының әуежайына Абай есімін беру туралы ұсынысты Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары қолдады, - деп хабарлайды Семей қаласының ақпарат орталығына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Семей қаласының әуежайына Абай есімін беру туралы және Семей қаласының білім беру мекемелеріне танымал тұлғалардың аттарын беру облыстық ономастикалық комиссияда мақұлданып, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары тарапынан қолдау тапты. Құжаттар республикалық ономастика комиссиясына жіберілді»,– делінген хабарламада. Сондай-ақ, Өскемендегі гуманитарлық колледжге Абай есімі берілуі мүмкін.

Бөлісу: