12
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Мәуліт сыйлығының» иегерлері марапатталды (ФОТО)

«Мәуліт сыйлығының» иегерлері марапатталды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

25 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елордада өткен «Ғаламның рақым нұры» атты рухани кеште дәстүрлі «Мәуліт сыйлығы» табысталған болатын. Сахна төріне көтерілген ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз, наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы мен бір топ қоғам қайраткерлері «Рухани жеті қазық» тұғырнамасы бойынша жеті адамды марапаттады, деп хабарлайды kazislam.kz сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Мәдениеттілік» атылымы бойынша қазақ халқының ұлттық өнерін, қолөнер бұйымдарын қайта жаңғыртып, ұлттық мәдениетімізді шетелдік көрмелерде паш етіп жүрген зергер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық Карл Фаберже орденінің иегері Берік Әлібай марапатталса, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерде» мектебінің 10-сынып оқушысы Темірлан Рахимбаев «Білімділік» аталымы бойынша марапатталды. Ол жақында ғана Қытай елінде өткен халықаралық «CASTIC 2019» олимпиадасында ІІ орын алып келді.

Осыдан 5 ай бұрын Нұр-Сұлтан қаласында болған өрт кезінде қауіп-қатерге қарамастан, төртінші қабатқа өрмелеп шығып, үш сәбиді құтқарып қалған Еуразия Ұлттық университетінің 3-курс студенті Нұрсұлтан Смағұловқа «Отаншылдық» аталымы бойынша марапат бұйырса, «Еңбекқорлық» аталымы бойынша арнайы сыйлыққа зағип та болса, тағдырдың сынағына мүжілмей, жастайынан спортпен шұғылданып, бүгінде биік дәрежелерге жеткен дзюдодан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ерғали Шамей лайық деп танылды.

«Имандылық» аталымы бойынша саналы ғұмырын асыл дінімізді насихаттау жолында қалтқысыз қызмет атқарып,  шәкірт тәрбиелеп, кітап аударып, ислам тарихын, сахабалар өмірін қазақ жұртшылығына кеңінен  таныстыра білген ұлағатты ұстаз – Абдулла Жолдасұлы мен «Ауызбіршілік» аталымы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Теңдік ауылының құрметті қариясы, абыз ақсақал – Орынбай қажы Шайханұлына шипажайға жолдама берілді. 2001 жылы өз қаржысына туған ауылына мешіт тұрғызған Орынбай ақсақал сол жылдары Діни басқарма үндеуіне үлес қосып, қасиетті Рамазан айынан кейін ауылда арақ-шарап сатқызбауға уағдаласқан. Сол уақыттан бері Теңдік ауылында ішімдік сатылмауына мұрындық болған ақсақалдың марапатын көпшілік алдында баласы салтанатты түрде қабыл алды.

«Мәуліт сыйлығының» соңғы иегері,  кір шалмаған ақ жаулығы секілді адалдығына шаң жуытпаған 93 жастағы еланасы Фатима Әбдібекқызы «Аманатшылдық» аталымы бойынша марапатталды. Осыдан бірер жыл бұрын елді елең еткізген жаңалық – ардақты Пайғамбарымыздың бір тал сақал шәрифі  қазақ жерінде табылып ел еңсесін көтерген еді. Алла елшісінің (с.ғ.с.) бір тал сақалы салынған капсуланы бекіткен құтының аузындағы мөр мен оны сақтап келген осы күнге дейінгі сандықшаның мөрі және сол кездегі Осман мемлекетінің ресми қағаздарының барлығы рас екендігі анықталған. Марапат иелеріне арнайы алғыс хат пен бағалы сыйлықтар, шипажайларға жолдама берілді.

2ce6e327b21ddea67a60ad621829209e

34bc0586e4bde46c3f111b36996179fe

97d35545767108aaa81fb2ea94daa66a

66706be41fb10824f2a06b9616913fd0

c0744b66348371a84fae04e3a6066876

dd60751b0cc800f59d458e1ae37ae851

Бөлісу:

Пікірлер қалдыру