25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Тұңғыш Президент күніне арналған конференциядан фоторепортаж

Тұңғыш Президент күніне арналған конференциядан фоторепортаж

Ел іші
Жарнама

29 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Нұр-Сұлтан қаласындағы «Достық үйінде» ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының ұйымдастыруымен Тұңғыш Президент күніне және Халықаралық толеранттылық күніне орай «Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен толеранттылық моделі» атты Халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды kazislam.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Халықаралық конференциясы жұмысын «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» ҚЕАҚ Басқарма Төрағасы Алтай Әбибуллаев жүргізді.

Конференциясы Қазақстан Республикасы Президент – Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов, «Бейбітшілікке мәдениет арқылы» халықаралық қауымдастығының Президенті Төлеген Мұхамеджанов,  Пәкістан Ислам Республикасы Исламабад Халықаралық ислам университеті Исламды зерттеу бойынша институтының Бас директоры Мұхаммед Зия Уль-Хак, ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Орыс Православ Шіркеуінің Мәскеу Патриархатының сыртқы шіркеулік байланыстар бөлімінің Хатшысы, дін қызметшісі Димитрий Сафонов, сонымен қатар, Израиль, Ватикан Республикаларының Төтенше және Өкілетті елшілері мен қатар Қазақстанның діни бірлестіктерінің, конфессияаралық және өркениетаралық мәселелермен айналысатын ғалым-сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жиында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың өркениеттер, діндер мен мәдениеттердің диалогы, сонымен қатар, қоғамдағы конфессияаралық және ұлтаралық келісім мен тұрақтылық саласындағы рөлі мен қосқан үлесін жан-жақты ашып көрсету көзделген дейді ұйымдастырушылар.

8 5

9 4

13 3

 

Бөлісу: