20
Сенбі,
Сәуір

һижри

«Рахымқызы Раиса Ана» мешіті Мәуліт мерекесін атап өтті (ВИДЕО+ФОТО)

«Рахымқызы Раиса Ана» мешіті Мәуліт мерекесін атап өтті (ВИДЕО+ФОТО)

Ел іші
Жарнама

6 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігіне қарасты «Рахымқызы Раиса Ана» мешітінде «Адамзаттың асыл тәжі» атты рухани кеш өтті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед Мустафаның (с.ғ.с) мәулітіне орай ұйымдастырылған шараға мешіт жанынан ашылған «Раиса Ана» қыз-келіншектер мектебі ұйытқы болды.

Рухани шара шымылдығын аталған мешіттің азаншысы Әбдуәли Шахиданиұлы Алланың кәләмі, сөздердің сұлтаны қасиетті Құран аяттарымен ашты. Мерейлі Мәулітті атап өтудің мән-маңызына тоқталған құлшылық үйінің наиб имамы Хамит Әліпбекұлы келушілерге кемелдік кемеңгерінің ғұмырынан сыр шертіп, мұсылмандарды оның көркем мінезінен үлгі алуға шақырды. Шарада Мәуліт шәриф оқылып, «Рахымқызы Раиса ана» қыз-келіншектер мектебінің шәкірттері салауат айтып, иләһи әндер орындады. Сондай-ақ рухани кеште бас шаһардағы «Жастар театрының» өнерпаздары Жандәулет Батай мен Нұрбек Әділбек «Меккеге қарай ұзақ жол» қойлымынан «Жақсы мен жаман» көрінісін көрермен назарына ұсынды. Ал Нұр-Сұлтан қаласындағы «Тамшы» балалар театрының тәлімгері Әмина Мұхтарқызы екі дүние сардарына деген сағынышын «Пайғамбарға сағыныш» атты монологымен жеткізді.

Бұдан өзге шара барысында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өміріне қатысты сұрақтар бойынша жамағат арасында өребәйге өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды. Робиул әууәл айының алғашқы күндерінен бастап бір ай бойы ғаламның рақым нұрына ең көп салауат айтқандарға да құрмет көрсетілді. Пайғамбарымызға (с.ғ.с) 250 000 рет салауат айтқан Нұрсұлу Төлеуова 1-ші орын иегері атанып топ жарса, 35 000 көрсеткішімен Айжамал Әбішева 2-ші орын еншіледі. 31 450 салауатпен Гүлмира Салықова үздік үштікті түйіндеді. Жеңімпаздарды Әйел-қыздар секторының Нұр-Сұлтан қаласы өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Нұрғалиева Динара марапаттап, алғыс хаттарын табыстады.

Кеш соңында «Рахымқызы Раиса ана» мешітінің ұстазы Бақыт Төлеуқызы рухани кешті өткізуге атсалысқан қыз-келіншектер мектебінің белсенді қыздарын алғыс хаттармен марапаттады. Сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) салауат айтумен басталған кеш салауатпен қорытындыланды.  

 

 

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Бөлісу: