20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Ел іші
Жарнама

13 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды baq.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Ең алдымен баршаңызды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл егемен еліміздің мәртебесін арттырған ұлы мейрам. Біз үшін тәуелсіздіктен асқан құндылық жоқ. Оны бағалай білу бүгінгі және өскелең ұрпақтың міндеті. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың теңдессіз рөлін ешқашан ұмытпауымыз керек. Тұңғыш президентіміз мемлекетіміздің негізін қалаушы, тарихи және әлемдік деңгейдегі тұлға, - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы тәуелсіздікті нығайтудың негізгі жолы экономиканы күшейту мен өндіріс көлемін арттыру екенін айтты:

Мемлекет елімізді дамытуға атсалысқан бизнес өкілдерінің  еңбегін елеусіз қалдырмайды. Бұл ретте тұңғыш президентіміздің бастамасымен индустрияландыру күнін атап өту жақсы дәстүрге айналғанын білесіздер. Елбасы индустриялық-инновациялық даму жолын отандық экономиканың негізгі бағыты ретінде айқындады. Ел экономикасы артқан сайын еліміздің іргесі де берік болары сөзсіз. Осыған орай көптеген ауқымды жұмыстар атқарылып отыр. Маңызды жобалар қолға алынды, - деді ҚР президенті "Алтын сапа" арнайы сыйлығын марапаттау рәсімінде.

Бөлісу: