24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Әйел жамағатына семинар ұйымдастырылды (ФОТО)

Әйел жамағатына семинар ұйымдастырылды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

18 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің «Инабат» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен әр апта сайын өткізіліп келе жатқан кездесу кешіне бұл жолы «Этикет» мектебінің директоры Сая Әбдіғани шақырылып, әйел жамағатына арналған әсерлі семинар сабағы өтті, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Айта кетейік, Динара Құтқожақызы бастаған республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел ұстаздарының ұйытқы болуымен бүгінгі күнге дейін Бас мешіттің әйел жамағатына түрлі бағыттар мен тақырыптар бойынша бірнеше кездесулер, семинар сабақтары дәстүрлі түрде өтіп келеді. Атап айтқанда, әр жұма сайын «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел жамағатына қоғам қайраткерлері мен елімізге белгілі психолог ғалымдар, киім дизайнері мен кулинария шеберлері, әлеуметтік мекеме мамандары, т.б. танымал тұлғалар арнайы сабақтар өткізген болатын.

Әдеп тақырыбын арқау еткен бұл жолғы семинар сабағы да қатысушылар үшін қажеті мол дүниеге айналды. Қазіргі қоғам бойынан қашықтап бара жатқан құндылықтарымыз бен салт-дәстүрлерімізді қайта жаңғыртып, қыз баласының бойындағы әдептілік пен инабаттылықты қалыптастыру жолдарына меңзеген маман дәрісі дәптерге түртіп алып отырғандар да кездесті. Семинар соңында Сая Әбдіғаниқызына республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің атынан «Алғыс хат» табысталып, рухани кітаптар тарту етілді.

Бөлісу: