29
Жұма,
Наурыз

һижри

Мешіт шәкірттері арасында «Нурул-яқин» кітабынан жарыс өтті (ФОТО)

Мешіт шәкірттері арасында «Нурул-яқин» кітабынан жарыс өтті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

18 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Нұр-Сұлтан қаласындағы «Раиса ана» мешітінде ардақты Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз туылған Мәуліт айының құрметіне орай рухани кеш болып өтті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Адамзат баласына білім мен ақиқат нұрын шашқан Ислам дінін алып келген Пайғамбарымызға арналған Мәуліт кешінде Құран және Мәуліт оқылып, Сүйікті Елшіге (с.ғ.с.) сансыз салауаттар айтылды. Кеш барысында «Ол (с.ғ.с.) ең сүйікті жан!» бейне ролик, «Ол дүниеге келген кезде қандай оқиғалар орын алды», «Салауат айтудың 10 пайдасы» атты бейне-слайдтар мен көріністер көрсетілді.

Рухани кештің басты оқиғасы ретінде «Нурул-Яқин» кітабының қазақша аудармасынан «Жүзден жүйрік»  атты 6 топқа топталған 60 шәкірт арасынан жарыс ұйымдастырылды. Арнайы дайындалған 130 сұраққа жауап беру арқылы  шәкірттердің білімі сарапқа салынып, мешіт қызметкерлері Елімай Ұтысқан, Әбжанов Абдуали, Ділдаханов Ақжан сайысқа төрелік етті.

Нәтижесінде 1-орынды «ЫҚЫЛАС» тобы, 2-орынды «ҮММЕТ» тобы, 3-орынды «МҮБӘРАК» тобы иеленді. Ал ұпайы аздау болған үш топқа ынталандыру жүлдесі табысталды.

Рухани Мәуліт кеші аясында дін мен дәстүр сабақатастығы да жаңғырып, «Раиса ана» мешітінің бас имамы Қалижан Байырбекұлы Айдар есімді жамағаттың баласы Нұрмұхаммедтің тұсауын кесіп, ақ батасын берді.

raisa

raisa1

raisa1

raisa1

raisa1

raisa1

raisa1

raisa1

raisa1

raisa1

raisa1

raisa1

raisa1

Бөлісу: