19
Жұма,
Сәуір

һижри

Алаш арысы Әлімхан Ермеков жайында кино түсірілді

Алаш арысы Әлімхан Ермеков жайында кино түсірілді

Ел іші
Жарнама

25 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz –  Алаш көсемдерінің ақырғы ақиығы, саяси қайраткер Әлімхан Ермеков жайында деректі фильм түсірілді, деп хабарлайды kaztengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Әлімханның бар тағдыры қазақтың бірінші саяси ұйымы «Алаш» партиясымен тығыз байланысты  болған. Кейінірек ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов бастаған «Алашорда» үкіметінің  үш басшысының бірі ретінде ұлттық кеңестің құрамына енді. 1917 жылдың шілде айында өткен Бүкілқазақтық съезде Семей облысынан бүкіл ресейлік құрылтай жиылысына депутаттыққа 25 жастағы Әлімхан ұсынылады.

AlimhanErmek

1920 жылы 24 тамызда  Бүкілресейлік орталық атқару комитетінің мәжіліс залында Әлихан Бөкейханов бастаған делегация қазақ жерінің тұтастығы үшін қатерге бастарын тікті. Алайда оның іске асуы оңайға соққан жоқ.  Төрт күнге созылған  комиссия отырысына Лениннің өзі қатысып, өзі басқарды. Қарқара уезінің тумасы Әлімхан Ермеков «Қазақ автономиясына қандай жерлер кіруі тиіс» екендігіне ғылыми негізде дәлелденген баяндама жасады. Ол өз сөзінде 5 миллион қазақ ұлты тұрып жатқан 3 467 922 шаршы шақырым жерді заңдастырып, бекітіп беруді сұрады.  1920 жылы 26 тамызда Қазақ Автономиясы мен оның Жер көлемі бекітілді. Сөйтіп, Алаш көсемдері Қазақ мемлекеті алдында өзінің тарихи миссиясын адал орындады! Әлімхан Ермековтің Қазақстанға өте маңызды аймақтарды қайтаруға қолы жетті. Ол - Каспий  жағалауы, Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстары мен Бөкей және Орынбор губернияларының бір бөліктері.

alimhan2

Бүгінгі таңда біздің еліміздің Каспий теңізіне шығуы, мұнай мен газдың мол қорына ие болуы - Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық және саяси болашағының кепілі болып отыр.

Бар ғұмыр-дариясы саяси идеялар мен ірі іс-қимылдарға құрылған Ермеков - Алаш көсемдерінің ақырғы ақиығы, барлық дәуір бас иетін қайраткер!
Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков  көрнекті қайраткер Әлімхан Ермеков жайында «Алаштың ақырғы ақиығы» фильмінің идеясын ұсынып, түсірілім барысына қолдау көрсетті. Деректі фильмді белгілі кинорежиссер Назгүл Әбутұрапова түсірді.  Ардақты арысымыз туралы деректі фильмді Youtube-тан «Абутрапова Назгуль Мырзатаевна» деп теріп, тамашалауға болады.

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының баспасөз қызметі

Бөлісу: