18
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

ҚМДБ: 30 жылдық мерейтой тарихи көрмеден басталды (ФОТО)

ҚМДБ: 30 жылдық мерейтой тарихи көрмеден басталды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

12 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылған күні. Осынау тарихи күнге орай Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада мүфтияттың тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігінен сыр шертетін көрме шарасы өтті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Игі іс-шараға Қазақтанның алғашқы мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы, академик Мұрат Жұрынов, Нұр-Мүбәрак университеті ректорының кеңесшісі, бұрынғы мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, жазушы, қаламгерлер – Смағұл Елубай, Марат Тоқашбаев, қоғам қайраткерлері – Жақсылық Үшкемпіров, Айгүл Ісмақова, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, Бірінші наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфти Ершат қажы Оңғаров, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Ұлттық кітапхана директоры Бақытжамал Қайырбекқызы, елімізге танымал ғалымдар мен Алматы қаласының имамдары қатысты.

Ұлттық кітапханада ұйымдастырылған көрмеде ХІІ, XVIII ғасырда жарық көрген Құранның көне нұсқалары, тарихи қолжазбалар, мүфтиятты әр жылдары басқарған мүфтилердің кітаптары, діни-тарихи еңбектер қойылды.

WhatsApp Image 2020 01 12 at 17.49.36 1

WhatsApp Image 2020 01 12 at 17.49.36 1

WhatsApp Image 2020 01 12 at 17.49.36 1

WhatsApp Image 2020 01 12 at 17.49.36 1

WhatsApp Image 2020 01 12 at 17.49.36 1

WhatsApp Image 2020 01 12 at 17.49.36 1

WhatsApp Image 2020 01 12 at 17.49.36 1

WhatsApp Image 2020 01 12 at 17.49.36 1

WhatsApp Image 2020 01 12 at 17.49.36 1

Бөлісу: