20
Сенбі,
Сәуір

һижри

«Абай жолы» эпопеясын оқудан марафон басталды

«Абай жолы» эпопеясын оқудан марафон басталды

Ел іші
Жарнама

13 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын оқуға арналған әдеби марафон басталды, деп хабарлайды baq.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Марафон Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында университетте өткен «Біз Абай жолындамыз» атты жиында мәлім болды.

Шарада ЕҰУ жаратылыстану ғылымдары факультетінің 3-курс студенті, «Qamqor» еріктілер қозғалысының мүшесі Диана Сайлаубаева Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовқа ұсыныс жасап, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясынан үзінді оқуды өтінді. Ректор Ерлан Бәтташұлы студент ұсынысын қабыл алып, әдеби марафонды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов пен әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеновке, ҚР мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевке жолдады, - деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі.

Ауқымды марафонға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жиырма мыңнан аса студенттері мен екі мыңға жуық профессор-оқытушылары және сала қызметкерлері қосылған.

Сондай-ақ, бұл шараға біздің Қазақстанның ең алыс түкпіріндегі оқырмандар мен шетелде тұратын қандастарымыз да белсене қатысады деген сенімдеміз, - дейді университет өкілдері.

Бөлісу: