26
Жұма,
Сәуір

һижри

Абай-175: «Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған» атты шығармалар байқауы жарияланды

Абай-175: «Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған» атты шығармалар байқауы жарияланды

Ел іші
Жарнама

2қаңтар. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Нұр-Сұлтан қаласындағы «Рахымқызы Раиса ана» мешіті  Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай шығармашылық байқау жариялайды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

«Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған» атты шығармалар байқауын жариялайды. Байқауға жіберілетін шығармада Абайдың өмірі мен еңбектерінен мысал келтіре отырып, ғылыми, әдеби-мәдени мазмұндағы шығармалар қабылданады. Байқауға қатысатын мақала This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. поштасына 20 ақпанға дейін жолдануы тиіс.

Байқаудың шарттары:

- Шығарма қазақ тілінде, Times New Roman шрифтімен жазылуы шарт.

- Көлемі 3-5 беттен аспауы қажет.

- Барлық жастағы кісілер байқауға қатыса алады.

Сондай-ақ мақала авторының аты-жөні, мекен-жайы, байланыс телефоны қоса жіберілуі керек. Қосымша мәліметтерді +77757207510 телефоны арқылы білуге болады.

Бөлісу: