26
Жұма,
Сәуір

һижри

«Әзірет Сұлтан» мешітіне жаңа наиб имамдар тағайындалды (ФОТО)

«Әзірет Сұлтан» мешітіне жаңа наиб имамдар тағайындалды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

28 ақпан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін, қасиетті жұма күні республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұжымы қос бірдей білікті қызметкермен толықты, деп хабарлайды muslim.kz сайтына ummet.kz тілшісі.

Жұма намазына жиылған жамағатқа «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов бекітілген жоспар бойынша «Адамға алғыс айтпағанның Аллаға шүкірі жоқ» тақырыбындағы уағызынан соң бүгінгі күннің жаңалықтарын хабардар етті.

Бас мешіт жамағатына ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын жеткізіп, Ерболат Нұрылдаұлы қос қызметкер жайлы қысқаша таныстырып өтті. Елорда жамағатына бұрыннан таныс Дінмұхаммед Сманов пен Естай Абдығалиевтардың дін саласындағы жетістіктеріне тоқталып, жаңа жұмыстарына сәттілік тіледі.

naib1

naib2

Дінмұхаммед Абдужаппарұлы Сманов

1985 жылы 19 қазанда Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Жартытөбе ауылдық округінің Ынтымақ ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, дінтану магистрі.
2015-2017 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Науан Хазрет мешіті наиб имам қызметін атқарған.
2015-2017 Ақмола облысында теолог қызметін атқарған.
2017 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі күнге дейін ҚМДБ-ның «Әзірет Сұлтан» мешітінде ұстаздық қызметте.
2017 жылдан бастап Астана қаласы әкімдігінң жанынан құрылған жергілікті ақпараттық-түсіндіру  тобының (ЖАТТ) мүшесі.
2019 жылдан бастап  ҚМДБ-ның жанынан құрылған Республикалық ақпараттық насихат тобының (РАНТ) мүшесі.
2019 жылдан бастап ҚР АҚД  Дін істер комитетінің  жанынан құрылған өңірлік дін мәселелері  жөніндегі ақпараттық- түсіндіру тобының (РАТТ)  мүшесі.

naib3

naib3

naib3

naib3

naib3

naib3

Бөлісу: