23
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

«Жібек» қыз-келіншектер клубы ІІ-орын алды (ФОТО+ВИДЕО)

«Жібек» қыз-келіншектер клубы ІІ-орын алды (ФОТО+ВИДЕО)

Ел іші
Жарнама

2 наурыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Әйелдер-қыздар секторына қарасты  «Инабат» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен елордалық әйел жамағатына «Салауатты өмір салты» тақырыбында эстафеталық сайыс өтті, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Тартысты сайысқа Елордамыздың 7 мешітінен келген командалар қатысты. Атап айтсақ, «Әзірет Сұлтан» мешітінен «Инабат» тобы, «Нұр Астана» мешітінен «Жібек» тобы, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінен «Ридуан» тобы, «Рахымқызы Раиса ана» мешітінен «Фирдаус» тобы, «Ақмешіт» мешітінен «әл-Ихлас» тобы, «Ырыскелді қажы» мешітінен «Шамшырақ» тобы, «Шейх Кунта қажы» мешітінен «Саида» тобы өнер көрсетті.

Қазылар алқасының құрамында ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Ақбөпе Қанатқызы, қол күресінің халықаралық дәрежедегі спорт шебері Қарлығаш Баянбайқызы және №74 мектеп мұғалімі Ақтолқын Ғалымқызы болды. №74 мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Бимақанова Гүлдана  қатысушыларға сайыс ережелерін түсіндіріп, жүргізіп отырды.

Жеті басқыштан тұратын байрақты бәсекеде қатысушылар жылдамдыққа жүгіру, доппен секіру, эстафета таяқшасын алып жүгіру, кедергілер арасымен жүгіру, қаппен секіру, кедергілер арасымен доппен жүгіру, арқан тартыс секілді шарттарды орындады.

Сайыс соңында қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бас жүлдені «Рахымқызы Раиса ана» мешітінен келген «Фирдаус» тобы жеңіп алса, «Нұр Астана» мешітінің «Жібек» тобы II орынды иеленді. Ал, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің «Ридуан» тобы III орынды қанжығасына байлады. Қалған қатысушы командалар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

salt

salt

salt

salt

salt

salt

salt

salt

salt

salt

salt

salt

salt

salt

salt

 

Бөлісу: