29
Жұма,
Наурыз

һижри

«Әлжан ана» мешітінде қайырымдылық семинары өтті (ФОТО+ВИДЕО)

«Әлжан ана» мешітінде қайырымдылық семинары өтті (ФОТО+ВИДЕО)

Ел іші
Жарнама

4 наурыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Кеше Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әлжан ана» мешітінде «Мейірімділік мекені» атты қайырымдылық семинары болып өтті. Елорда мешіттері арасында жақында бастау алған бұл игі семинардың алғашқы бөлімінде қатысушыларға түрлі насихаттар айтылып, тіпті үйде отырып табыс табудың тәсілдері үйретілді, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Айтулы шараға Нұр-Сұлтан өкілдігі атынан «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Жұманазар Садырханұлы, «Qazaq English» орталығының директоры Ернат Мелсұлы, «Рухани Жастар» қанатының жетекшісі Махамбет Искандеров және тәтті өнімдер жасау кәсібімен айналысып жүрген Дана Қайырғалиқызы қатысып, жиналған жұртшылыққа асыл дінімізде адал еңбек етіп, табыс табудың маңыздылығы жайында насихаттар мен пайдалы кеңестер айтты. Игі шараға мұрындық болған «Әлжан ана» мешітінің Бас имамы Әділхан Иманәліұлына өкілдік атынан алғыс білдірілді.

Семинар аясында қатысушыларға «Qazaq English» орталығының директоры Ернат Мелсұлы тіл білу әлемнің кілті екендігін ерекше атап, қатысқан жамағатқа ағылшын тілін тегін үйрететіндігін жеткізді. Сондай-ақ, семинар барысында бүгінде бес баласын бағып үйде отырса да, оңтайлы жұмыс көзін тауып, кәсіппен айналысып жүрген Дана Қайырғалиқызы шақырылып, торт пісіріп табысқа жеткен тәжірибесімен бөлісті.

Семинардың келесі бөлімінде қатысушы 90 отбасыға «Әлжан ана» мешітінің ұйымдастыруымен азық-түлік қоры үлестірілді. 

Көктеммен бірге көңілдерге жылы шуақ сыйлаған семинар соңында мешіт атауы берілген Әлжан Бұқарбайқызының дүниеден озған күніне орай ас беріліп, марқұмның рухына Құран бағышталды. 300-ге жуық жанның басын қосқан ақ дастарханынан семинарға қатысушылар мен мешіт жамағаты, медресе шәкірттері мен Елорда мешіттерінің қызметкерлері дәм татып, жамағатпен бірге дұға жасады.

semi1

semi1

semi1

semi1

semi1

semi1

semi1

semi1

semi9

semi10

semi11

 

 

Бөлісу: