28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Бас мүфти Абай елінде (ФОТО)

Бас мүфти Абай елінде

Ел іші
Жарнама

6 наурыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти екі күндік жұмыс сапарымен Семей өңіріне келді. Наурызбай қажы Тағанұлын қала әкімі Ермак Сәлімов күтіп алды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Кейін бас мүфти Ермак Бидахметұлымен арнайы кездесіп, бірқатар мәселелер жөнінде пікір алмасты.

«Бұл сапарыңызға шын мәнінде қуанып қалдық. Абайға құрмет, елге құрмет. Бабалар рухына бағыштаған Құран, бүгінгі  зияратыңыз қабыл болсын. Жаңа қызметіңізде тек табыс тілеймін» - деді әкім.

Бас мүфтидің Семейге сапары аясында онымен бірге Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Марат Бектазинов, Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров және белгілі абайтанушы ғалым Ғарифолла Есім болды.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы сапарын Жидебайдан бастады. Мұнда ең алдымен Абай рухына Құран бағышталып, құрбандық шалынды.

Кейін осы кешенде қатар жатқан Шәкәрім Құдайбердіұлының да рухына Құран оқылып, елге дұға жасады. Зияраттан соң Бас мүфти Абай ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыровпен бірге Жидебайдағы мұражайды аралады. Кешен жұмысымен толық танысқан соң Бас мүфти  музей ұжымына ізгі ниетін жеткізіп, қолтаңба қалдырды. Жидебай қорығына жасаған сапары барысында жергілікті телеарналар мен ақпарат құралдарына сұхбат берді.

Зияраттан соң аудан әкімі Жарқынбек Борашұлы Бас мүфтиге үш мешіттің құрылысы жүріп жатқанын баяндай келе, бір мешіт пайдалануға берілгенін айтты. Қазіргі таңда Абай ауданында 6 мешіт елдің игілігінде деп атап өтті әкім.

Наурызбай қажы Тағанұлы өз кезегінде әкімге алғыс айта келе, дін ісіндегі діңгекті жұмыстар үшін рахметін жеткізді.

«Биыл өзіңіз басқарып отырған аудан Абай тойына тыңғылықты дайындалып жатыр екен. Көптеген жұмыстар қолға алыныпты. Алла әр істеріңізге береке берсін. Абай тойы – елдің тойы. Тағылымға толы болсын», - деді Бас мүфти.

abai1

abai1

abai1

abai1

abai1

abai1

abai1

abai1

abai1

abai1

jide1

jide1

jide1

jide1

jide1

jide1

jide1

jide1

jide1

jide1

jide1

jide1

jide1

jide1

jide1

jide1

Бөлісу: