Бердібек Сапарбаев өңір имамдарымен жүздесті

Бердібек Сапарбаев өңір имамдарымен жүздесті

Ел іші
Жарнама

Рамазан парақшасы

11 наурыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдегі мешіт имамдарымен кездесу өткізді. Жиынға басқарма басшылары, қоғам және ардагерлер өкілдері, облыс имамдары, этно-мәдени бірлестік өкілдері және облыстағы теолог-дінтанушы мамандар қатысты, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметшісі.

Кездесуде имамдардың діни сауаттылығын ұдайы арттыру, тәжірибесін жетілдіру сынды мәселелермен бірге, өңірдегі діни тұрақтылық ахуалы талқыланды. Имамдардың ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерді дәріптеуі ерекше назарға алынып, қоғамдағы тыныштықтың сақталуы үшін бірлесе жұмыс істеу қажеттілігі айтылды. 

Жиында ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Қанат Жұмағұл діни ахуал мәселесін жіліктеп берді. Имамдардың атқарып жатқан жұмыстары және басқа да өзекті жайттар жөнінде баяндама жасады.

«Облыстық мешіттің бас имамы және наиб имамдары бастаған арнайы топ Қордай ауданында арнайы іс-сапарда болып, түйіткілді мәселелерді шешуге атсалысып жатыр. Осы бағытта бірқатар жұмыстар қолға алынды. Атап айтқанда, Сортөбе және Масаншы ауылдарында имамдарға мемлекеттік тілді үйрету қолға алынды. Оған 58 дін қызметкері қатысуда. Дәріс аптасына 2 рет: дүйсенбі, бейсенбі күндері өтеді. Қордай мешіттерінің атауы толықтай қазақ тіліне ауыстырылды, тақтайшалар қазақ тілінде жасалып берілді» дей келе Қанат Жұмағұл соңғы уақытта болған жайттарға байланысты тарқатып айтты.

Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров облыстағы жалпы діни жағдай және оны тұрақтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде тілге тиек етті. Қатысушылар тарапынан сауалдар қойылып, ұсыныстар ортаға тасталды. 

Шара соңында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев тұрғындар арасында сенім мен өзара сыйластықты нығайту бағытында бірқатар іс атқарылғанын, алайда конфессияаралық және этносаралық келісімді одан әрі дамыту экстремизм мен терроризмсіз бейбіт қоғам құру жолындағы маңызды нәтижелерге қол жеткізу үшін алдағы уақытта бірлескен жұмыстар атқару қажеттілігін атап өтті. 

berdibek1

berdibek1

berdibek1

berdibek1

berdibek1

berdibek1

berdibek1

berdibek1

berdibek1

Бөлісу: