09
Бейсенбі,
Шілде

һижри

Нұр-Сұлтанда қант, ұн мен сұйық майды сатып алуға шектеу қойылды

Нұр-Сұлтанда қант, ұн мен сұйық майды сатып алуға шектеу қойылды

Ел іші
Жарнама

19 наурыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Нұр-Сұлтан әкімдігі кей азық-түлік тауарларын сатып алуға шектеу қойылғанын айтты, деп хабарлайды tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

"Бүгінде сауда желілерінде шектеу бар. Бір чекке 5 литр май және 5 келіге дейін арнайы тауарлар: қант, ұн, жарма және тағы басқа", - деді Нұр-Сұлтан қалалық Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаев.

Ол бір чектегі сусымалы тауарлардың әрбір түрі 5 келіден аспауы тиіс екенін атап өтті.

Еске салайық, одан бөлек, Нұр-Сұлтан әкімдігі нан бағасын бекітті. "Былтыр 8 мың тонна ұн сатып алғанбыз. Бұл бір жылға жетеді және нанның бағасы 95 теңгеден көтерілмеуі керек", - деді Ерлан Бекмырзаев.

Бөлісу: