19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Халал Даму: Блок бекеттерде ыстық тамақ таратылды

Халал Даму: Блок бекеттерде ыстық тамақ таратылды

Ел іші
Жарнама

28 наурыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Жанабіл Жұмабеков пен жергілікті «Зекет қоры» өкілдігі облыс аумағындағы блок бекеттердегі әскери және медицина қызметкерлері мен жолаушыларға ыстық тамақ таратты, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі. 

Ел-жұртты алаңдатқан қиын-қыстау күнде халықтың амандығы үшін қызмет етіп жүрген блок бекеттердегі қызметкерлер мен жолаушылар дін қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.«Халал Даму» және «Зекет қоры» қызметкерлері Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жолдаған үндеуін жүзеге асырып, елді дүрбелеңге салған COVID-19 дертінен шипа сұрап, елімізге амандық тілеп дұға жасады.

blokpost1

blokpost1

blokpost1

blokpost1

Бөлісу: