19
Жұма,
Сәуір

һижри

ҚМДБ: Бір аптада 11 387 бетперде тегін таратылды (ФОТО)

ҚМДБ: Бір аптада 11 387 бетперде тегін таратылды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

7 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі төтенше жағдайға байланысты жұқпалы індеттің алдын алу мақсатында халыққа бір апта ішінде 11 387 дана бетперде таратты, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚМДБ Қайырымдылық және уақып істері бөлімінің меңгерушісі Камалжан Тұрдыбаев мәлімдеді.

«Бүгінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен республика деңгейінде түрлі бағытта қайырымдылық шаралары жүзеге асуда. Соның бірі – төтенше жағдай кезінде жұқпалы індеттің алдын алу мақсатында халыққа тегін бетперде жеткізу. Бетперде мешіттеріміздегі тігін шеберханаларында тігілді. Қалған бөлігі демеушілердің көмегімен жеткізілді. Осы ретте игі бастамаға үлес қосқан барша дін қызметкерлеріне, демеуші азаматтарға айрықша алғысымызды жеткіземіз» деп атап өтті Камалжан Тұрдыбаев.

Айта кетейік, бұл қайырымдылық шарасына аймақтағы имамдар да үлес қосты.   

maska1   

maska1   

maska1   

maska1   

maska1   

maska1   

maska1   

Бөлісу: