24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

ҚМДБ өкілдері Мақтаарал ауылдарын аралап, жергілікті халықпен кездесті

ҚМДБ өкілдері Мақтаарал ауылдарын аралап, жергілікті халықпен кездесті

Ел іші
Жарнама

6 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов және қалалық «Зекет» қоры бастаған бір топ еріктілер Мақтаарал ауданының Мырзакент, Атакент, Жамбыл ауылдарында болып, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің ыстық сәлемін жеткізіп, болған жағдайға сабырлы болуға шақырды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Өздеріңізге белгілі, 2020 жылдың 1 мамырда Өзбекстанның Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылды. Соның салдарынан елдімекендерге, коммуникациялық желілерге, егістіктерге зақым келді.

Осы су тасқыны салдарынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданына қарасты бірнеше елдімекенге су тасқыны жайылып, зардап шекті. Бүгінгі таңда 31 606 тұрғын 14 елдімекеннен эвакуацияланды. Оның ішінде 6 127 тұрғыны бар 5 елдімекенді су толығымен басты. Бұл – Жеңіс, Жаңа Тұрмыс, Фердоуси, Өрге бас және Достық елдімекендері.

Айта кету керек, су тасқыны болған өңірге «#Мақтааралбізбіргеміз», «Жүрек жылуы»  қайырымдылық шарасы барысында Шымкент қаласы орталық мешітінің ұйымдаструымен 500 отбасыға ыстық тамақ, 2000 дана медициналық бетперде және 8 тонна азық-түлік, бақша өнімдері таратылды.

Аталмыш өңірге қол ұшын беріп, көмек берушілерге арналған Шымкент орталық мешітінде қайырымдылық заттарды қабылдау, жинау орталығы ашылды.

wymkent

wymkent

wymkent

wymkent

wymkent

 

Бөлісу: