28
Дүйсенбі,
Қыркүйек

һижри

ҚМДБ: Мақтааралға 10 млн теңге қаржы аударды (ФОТО)

ҚМДБ: Мақтааралға 10 млн теңге қаржы аударды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

18 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін Түркістан облысының Мақтаарал ауданына келген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жергілікті жұртшылыққа көмек ретінде 10 млн теңгенің сертификатын табыстады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Халқымыз «Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің» дейді. Біз сіздерге облыстағы мешіттердің қолдауымен азық-түлік тиелген жүк көлігімен келдік. Жуырда «Зекет» қорының ұйымдастыруымен, облыстағы мешіттердің атсалысуымен 10 миллион теңге қаржылай көмекті «Түркістан корпоративтік әлеуметтік даму қорына» аудардық. Қайырымдылық істің басы-қасында жүрген «Зекет» қорының өкілдеріне, барша дін қызметкеріне, жекелеген азаматтарға алғыс айтамын. Алла бұл сынақты жақсылыққа ұластырғай» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесу соңында Бас мүфти мақтааралдық ағайын үшін арнайы дұға жасады. ҚМДБ «Зекет» қорының директоры Талғат Омаровтың айтуынша, игі іске аймақтағы қор өкілдері мен имамдар атсалысқан.

mini33

mini34

Бөлісу: