23
Сенбі,
Қараша

һижри

Бас мүфтидің 100 күндік жұмысына шолу

Бас мүфтидің 100 күндік жұмысына шолу

Ел іші
Жарнама

20 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының Бас мүфти лауазымына сайланғанына 100 күн толды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

100 күндік іс-шараларға қысқаша шолуды назарларыңызға ұсынып отырмыз.

07.02.2020 / НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ БАС МҮФТИ БОЛЫП САЙЛАНДЫ

Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезектен тыс ІХ Құрылтайында Серікбай қажы Ораз ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти қызметіне Наурызбай қажы Тағанұлының кандидатурасын ұсынды.

Құрылтайға жиналған 300 делегат Серікбай қажы Ораздың ұсынған кандидатурасына бірауыздан дауыс беріп, қолдау көрсетіп, Наурызбай қажы Тағанұлын Бас мүфтилікке сайлады.

kun1

kun2

10.02.2020 / БАС МҮФТИ ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІН ӨТКІЗДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Елордада Төралқа мәжілісін өткізді. Жиынға ҚМДБ төраға орынбасары Ершат Ағыбайұлы, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, ҚМДБ бөлім басшылары мен облыс, қала бас имамдары қатысты. Мәжіліс барысында 30 жылдық мерейтой аясында жүзеге асып жатқан жұмыстардың жоспары пысықталды.

***

10.02.2020 / СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мүфтиятты 2017-2020 жылдар аралығында басқарған Серікбай қажы Оразбен кездесіп, оған құрмет көрсетті. Қазақы салтпен иығына шапан жауып, кәде-сый табыстады.

kun3

***

11.02.2020 / БАС МҮФТИ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ОРТАЛЫҚ АППАРАТ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Орталық аппарат жиналысы өтті. Мәжілісте шариғат және пәтуа мәселесіне қатысты жамағат тарапынан жиі қойылатын сұрақтардың жауабы топтастырылған кітап шығару, РАНТ және ЖАНТ мүшелеріне оқу-әдістемелік құрал дайындау, жұма уағызы кітабын әзірлеу, жастарға, қыз-келіншектерге танымдық еңбектер әзірлеу, имамдардың біліктілігін арттыру мақсатында арнайы білім сайысын өткізу, мешіт жанындағы сауат ашу курсының оқу бағдарламасын жетілдіру, т.б. мәселелер талқыланды.

kun4

***

12.02.2020 / ЕЛОРДА ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫН ЖЕТКІЗДІ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен және Nur Otan партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының орынбасары Ерлан Каналимовты қабылдады.

Кездесуде қоғамдық келісім мен дінаралық диалогты нығайту мәселелері сөз болды. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Нұр-Сұлтан қаласында діни салада атқарылып жатқан жұмыстар туралы айта келіп, ҚМДБ-ның биылғы 30 жылдық мерейтойы аясында іске асатын сауапты шаралар жайлы баяндады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен Бас мүфтиге қала басшысы Алтай Көлгіновтің құттықтау хатын тапсырды. Nur Otan партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының орынбасары Ерлан Каналимов ҚМДБ төрағасын жаңа қызметімен құттықтап, Діни басқарма мен дін қызметкерлерінің сауапты жұмысына табыс тіледі.

***

12.02.2020 / БАС МҮФТИ ҰСТАЗЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматыға іссапар аясында өзінің ұлағатты ұстазы, Діни басқарманың тұңғыш тізгінін ұстаған Рәтбек қажы Нысанбайұлына арнайы барып сәлем берді.

Рәтбек қажы Нысанбайұлы шәкіртін ілтипатпен қарсы алды. Екеуара кездесу барысында тоқсаныншы жылдардағы еліміздегі Ислам мектебінің қайта қалыптасу кезеңі, жаңа мыңжылдықтағы өзгерістер мен бүгінгі бет бейнесі әңгімеге арқау болды.

kun5

***

13.02.2020 / БАС МҮФТИ ӘБСАТТАР ҚАЖЫНЫҢ БАТАСЫН АЛДЫ

Алматыға арнайы келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, белгілі ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлімен кездесті.

Әбсаттар Бағысбайұлы Наурызбай қажы Тағанұлын жаңа қызметімен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі. Діни басқармада 10 жылдан аса қызмет атқарған бұрынғы мүфти жаңа мүфтиге бата беріп, ізгі ниетін жеткізді.

kun6

***

13.02.2020 / МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Елордада бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Мейірімділік жан шуағы» атты қайырымдылық іс-шарасы өтті.

Бұл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдығына 30 игі шаралар легінің бастамасы. «Зекет» қорына тіркелген 30 мұқтаж отбасы іріктеліп, оларға азық-түлікпен көмек берілді.

Наурызбай қажы Тағанұлы бұндай қайырымдылық іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып отыратынын және одан әрі де өз жалғасын табатынын атап өтті.

kun12

***

13.02.2020 / ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ МЫРЗАТАЙ ЖОЛДАСБЕКОВПЕН СҰХБАТТАСТЫ

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі түрколог-ғалым Мырзатай Жолдасбековпен сұхбаттасты.

Кездесуде мүфтият жанынан Ақсақалдар кеңесін құру, жастарды дәстүрлі құндылықтарға тәрбиелеу, Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында бірлескен шараларды жүзеге асыру, имамдардың білімі мен тәжірибесін арттыру сынды бірқатар мәселелер талқыланды.

kun7

***

13.02.2020 / БАС МҮФТИ ЕРЖАН ҚАЖЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Алғашқы жұмыс сапарын Алматыдан бастаған ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Діни басқарманың бұрынғы төрағасы, Нұр-Мүбарак университеті ректорының кеңесшісі Ержан қажы Малғажыұлымен арнайы кездесті.

Жүздесу барысында Діни басқарманың биылғы 30 жылдық мерейтойында атқарылатын игі шаралардың бірсыпырасы таныстырылды. Ержан қажы Малғажыұлы ойға алған жұмыстарға ризашылығын білдіріп, өзінің ағалық кеңесін қосты.

kun13

***

14.02.2020 / БАС МҮФТИ: ЖЕРЛЕУ РӘСІМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ОРТАЛЫҚ АШУ ҚАЖЕТ

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен ҚМДБ Орталық аппарат жиналысында мүфтият жанынан жерлеу рәсімін жүзеге асыратын орталық ашу қажеттігі сөз болды.

«Біздің қоғамда зират және жерлеу рәсіміне қатысты мәселе көп. Біріншіден, бұл салада шариғат талаптары ескерілмесе, екіншіден, діни салттық қызметті кәсіпке айналдырғандар халықтың жағдайымен санаспай келеді. Осыдан кейін қазалы үй қаражат іздеумен сарсаңға түседі. Біз осы мәселені ескеріп, мүфтият жанынан жерлеу рәсімін жүзеге асыратын орталық ашуды қолға алуымыз қажет» деп атап өтті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

***

14.02.2020 / БАС МҮФТИ ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА ЖҰМА НАМАЗЫН ӨТКІЗДІ

Жамбыл облысы Қордай ауданына арнайы іссапармен келген ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қаракемер мешітінде жұма намазын өткізді.

Бас мүфти мешітке жиылған жамағатқа Отанды қорғау, туған елдің қадірі, ымыра мен ынтымақтастық, бірлік пен татулық туралы уағыз айтты.

Наурызбай қажы Тағанұлы жұма намазынан соң жергілікті ауыл халқымен тілдесіп, жұрттың көкейіндегі сауалдарға жауап берді. Жергілікті тұрғындар Бас мүфтимен сұхбат барысында аймақтағы діни ахуал жайында өз ой-пікірлерін айтты.

***

17.02.2020 / БАС МҮФТИ ОБЛЫС ӘКІМІМЕН БІРГЕ «ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ» ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Жамбыл облысы, Қордай ауданына жасаған сапары аясында бірқатар кездесулер өткізді.

Соның ішінде маңыздысы: аталған аймаққа жақында ғана әкім боп тағайындалған Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен «Қоғамдық кеңестің» отырысына қатысты. Жиында негізінен Қордайдағы қақтығыс пен екі ұлт арасында туындаған түсініспеушілік айтылды. Ақсақалдар, кәсіпкерлер мен белсенділерден құралған қоғамдық кеңесте ұлтаралық татулықты сақтау, дінаралық діңгекті мықтап ұстау жағы көбірек сөз болды. Жаңадан тағайындалған өңір басшысы дін өкілдерімен бірлесе жұмыс істеуді жалғастыра беретінін жеткізді.

Өз кезегінде Бас мүфти: «Бұл жұмыстарға осы аймақтағы имамдар тегіс жұмылдырылады. Жамағатты тәрбиелеуде атқарылатын ортақ жұмысқа біз қашан да дайынбыз» деді.

kun8

***

18.02.2020 / БАС МҮФТИ МЫСЫР ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Египет Араб Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Манал Ехия әл-Шиннауи ханыммен кездесті.

Кездесуде екі ел арасындағы тарихи-мәдени һәм рухани саладағы қарым-қатынас сөз болды. Бас мүфтиді жаңа қызметімен құттықтаған елші игі ниетін жеткізді.

kun9

***

19.02.2020 / БАС МҮФТИ ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫМЕН СҰХБАТТАСТЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Халық қаһарманы, Мәжіліс депутаты Бақытжан Ертаевпен кездесті.

Бас мүфтиді жаңа қызметімен құттықтаған Б.Ертайұлы: «Талай жылдан бері дін қызметінде келе жатқан азаматсыз. Қайраткерлігіңіз, ұйымдастыру-үйлестіру сынды қабілетіңізбен елге танылдыңыз. Міне, Бас мүфти қызметіне сайландыңыз. Бәрі баянды болсын! Аллаға шүкір, дініміз дамып, жамағатымыз көбейіп келеді. Ендігі мақсат – дін ісіндегі шаруаны дөңгелетіп, тиянақты жұмыс істеу. Тәжірибеңіз бен біліміңізді елдің діни сауатын ашуға жұмсай беріңіз. Біз де осы елдің азаматы, ата дініміздің жанашыры ретінде әрқашан қолдау көрсетуге дайынбыз» деген ақжарма тілегін жеткізді.

Кездесуде жастарды жат ағымның теріс идеологиясынан сақтандыру, «Жеті рухани қазық» құжатында жазылған отаншылдық, әділдік, бірлік, білімділік сынды құндылықтарды халыққа кеңінен насихаттау қажеттігі сөз болды.

kun14

***

19.02.2020 / МҮФТИЯТТЫҢ АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғимаратында мүфтияттың асханасы ашылып, пайдалануға берілді. Шараға ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы Елшісі Мұхаммед Ахмед әл-Жабер мырза және Діни басқарманың бөлім басшылары мен мамандары қатысты.

Мүфтияттың асханасы БАӘ елшілігінің жәрдемімен жабдықталды. Асхананы қажетті құрылғылармен қамтамасыз етуге Әмірліктер тарапы қолдау көрсетті.

***

19.02.2020 / ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы елшілігі екі ел арасындағы әлеуметтік маңызы бар байланыстарды дамытуға зор үлес қосқан стратегиялық серіктестерін алғыс хатпен марапаттады.

Шараға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы да қатысты. Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы Елшісі Мұхаммед Ахмед әл-Жабер мырза Бас мүфтиге елшілікпен ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқаны үшін арнайы алғыс хат табыс етті.

Сондай-ақ шарада БАӘ-нің келер жылы толатын 50 жылдық мерейтойына дайындығы, экономикалық-әлеуметтік жетістіктері жайлы баяндалды.

kun15

***

20.02.2020 / БАС МҮФТИ ЕЛШІМЕН БІРҚАТАР ЖОБАЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Біріккен Араб Әмірліктерінің еліміздегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед Ахмед әл-Жабер мырзамен кездесті.

Кездесуде қайырымдылық, ағартушылық бағыттар бойынша бірқатар жобалардың жоспары талқыланды. Бас мүфти Діни басқарманың игі бастамаларына қолдау көрсетіп келе жатқан дипломатқа алғысын білдірді.

***

20.02.2020 / БАС МҮФТИ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА

Жұмыс сапарын Түркістан облысының Түлкібас ауданынан бастаған ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы әкімдіктің мәжіліс залында арнайы кездесу өткізді.

Жиынға Түлкібас ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков, жергілікті ардагерлер кеңесінің төрағалары, мәслихат депутаттары, аудан ақсақалдары мен имамдар қатысты. Нұрбол Әбдісаттарұлы Бас мүфтиді жаңа қызметімен құттықтап, табыс тіледі.

«Біз әрдайым ауданымыздың азаматтарымен мақтанамыз. Оларға қашан да тілектеспіз. Өзіңіз басқарып отырған Діни басқарма жұмысына табыс тілеймін» деп түйіндеді сөзін аудан әкімі.

Бас мүфти кездесуде өзінің балалық шағы, алғашқы еңбек жолын бастаған өлкеге ризашылығын жаудыра келе Алаштың ардақты азаматы Әлихан Бөкейханның «Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса, халықтық мақсат сонда орындалады. Бостандыққа апаратын жалғыз жол ұлттық ынтымақ қана» деген ұлағатты сөзін тілге тиек етіп, бұқараны бірлікке шақырды. «Біз де дін өкілі ретінде тыныштық пен татулықты, ынтымық пен бірлікті насихаттауымыз қажет» деді Бас мүфти.

kun10

20.02.2020 / НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ АРЫСТАН БАБ КЕСЕНЕСІНЕ ЗИЯРАТ ЖАСАДЫ

Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен келген ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Отырар ауданына ат басын бұрды.

Бас мүфти Отырар ауданының әкімі Әбдіғали Жүнісовпен кездесіп, мүфтиятқа қатысты сауалдарға жауап берді. Аудан басшысы Бас мүфтиді қызметімен құттықтап, ортақ жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға уағдаласты. Сондай-ақ Наурызбай қажы Тағанұлы Арыстан баб кесенесіне арнайы зиярат жасады. Мұнда құрбандық шалынып, Құран оқылды.

***

21.02.2020 / БАС МҮФТИ ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ

Түркістан облысында іссапармен жүрген ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы  қала әкімі Рашид Аюповпен бірге Қожа Ахмет Яссауи кесенесін зиярат етті.

ҚМДБ төрағасын Рашид Абатұлы өзі күтіп алып, кесенені бірге аралады. Кейін бабалар рухына Құран бағышталып, бата жасалды.

kun16

kun17

***

21.02.2020 / НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ТҮРКІСТАНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРМЕН ТАНЫСТЫ

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан қаласының әкімімен бірге жаңа нысандарды аралады.

Оның ішінде шаһардың Бекзат Саттарханов атындағы даңғылында тозығы жетіп, қайта салынғалы жатқан Хилует мешітінің құрылысымен танысты. Өйткені бұған дейін дәл осы орында XIX ғасырда салынған мешіт болған. Ескі құлшылық орны сүріліп, биыл жаңа мешіт бой көтермек.

Одан бөлек Өзбекстан республикасының Түркістан облысына сыйы ретінде салынып жатқан 5000 адам еркін сыятын мешіт құрылысын да бас мүфти көзбен көрді. Қала әкімі аталған нысандардың толық бақылауда екенін жеткізді. Өзбекстан тарапынан салынып жатқан құлшылық орны қаланың жаңа ауданында бой көтереді. Мұнан соң Рашид Абатұлы қалада басталған жаңа кешендердің де құрылысымен таныстырды.

***

21.02.2020 / ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНЕ КЕЛДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әзірет Сұлтан» мешітіне келіп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңадан сайланған бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті.

Қазақстан Президенті бас мүфтиді жаңа лауазымымен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі. Кездесу барысында елдегі татулық пен тұрақтылықты сақтау, дін арқылы азаматтарды келісім мен ынтымаққа шақыру, рухани бағдар беру қажеттілігі мен  жат діни ағымдардың зиянды әрекеттері жайында айтылды.

kun18

***

22.02.2020 / БАС МҮФТИГЕ ӨҢІРДЕГІ ДІНИ АХУАЛДЫ БАЯНДАДЫ

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби Оспанды қабылдады.

Төлеби Дәділұлы өңірдегі діни ахуалды Бас мүфтиге баяндап, имамдардың атқарып жатқан жұмыстары туралы есеп берді.

***

22.02.2020 / ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТЫН ТАБЫСТАДЫ

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысы Дін істері басқарма басшысы Әлімбек Жәнібекұлын қабылдады.

Кездесуде Әлібек Жәнібекұлы облыс басшысы Оңдасын Оразалиннің құттықтау хаты мен игі тілегін жеткізіп, өңірде жүзеге асып жатқан бірқатар игі жұмыстар жайлы әңгімелеп берді.

***

24.02.2020 / ӨМІРБЕК БАЙГЕЛДІ БАС МҮФТИГЕ БАТА БЕРДІ

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелдімен сұхбаттасты.

Кездесуде тәрбиелі, отаншыл, еңбекқор, білімді жастар шоғырын қалыптастыру, дін мен ғылымның үйлесімділігін насихаттау, дін қызметкерінің зайырлы білімін жетілдіру, т.б. мәселелер кеңінен талқыланды.

***

25.02.2020 / ҚМДБ: КЕЗЕКТІ ХАТТАМАЛЫҚ ЖИНАЛЫС ӨТТІ

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен кезекті хаттамалық жиналыс өтті. Жиналыста Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойы аясында жүзеге асып жатқан 30 игі шарасын пысықтау, «Зекет» қоры жанынан еріктілер тобын құру, қоғам сұранысына орай қазақ, орыс тілінде танымдық кітаптар шығару, қажылық маусымында ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстарын жандандыру т.б. мәселелер талқыланды.

***

25.02.2020 / ҚМДБ: ҚҰРАННЫҢ ЖАҢА АУДАРМАСЫ МЕН ТӘПСІРІ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Елордадағы ҚМДБ ғимаратының мәжіліс залында «Қасиетті Құран: мағынасы мен түсініктемелері» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Танытым шарасына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Парламент депутаттары, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері мен дін қайраткерлері қатысты.

***

25.02.2020 / БАС МҮФТИ «ҚАЖЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫН» АШУДЫ ТАПСЫРДЫ

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен кезекті хаттамалық жиналыста ҚМДБ-ның облыстық өкілдіктерінде «Қажылық орталығын» ашу туралы мәселе талқыланды.

Бұл орталықтың қажылық маусымында ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстарын жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік беретіні сөз болды.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұл бастамасына байланысты ҚМДБ-ның облыстағы өкілдіктеріне хаттамалық тапсырмалар берілді.

***

26.02.2020 / НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ БАС МҮФТИ НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Кездесу барысында дін саласының қазіргі ахуалы талқыланып, Қазақстанның тарихи және рухани байлығын сақтауға бағытталған шараларға назар аударылды.

Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Наурызбай қажы Тағанұлын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти болып сайлануымен құттықтады.

– Жаңа қызметіңізбен құттықтаймын. Тиісті біліміңіз бен тәжірибеңіз бар. Жұмысыңызға сәттілік тілеймін, - деді Елбасы.

kun19

***

27.02.2020 / БАС МҮФТИ АЛМАТЫДАҒЫ ҰЖЫММЕН БІРҚАТАР МӘСЕЛЕНІ ТАЛҚЫЛАДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына жасаған ресми сапарын ұжыммен кездесуден бастады. Басқосуда хаттамалық тапсырмаларды өз мерзімінде орындау, қайырымдылық шараларды жүзеге асыру, өнімді жұмыс нәтижесін көрсету, т.б. мәселелер талқыланды.

***

27.02.2020 / НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ МЕДРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІНЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ

Алматыға іс-сапармен келген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Әбу Ханифа» медресе-колледжінің шәкірттерімен кездесіп, оларға дәріс оқыды.

kun20

kun21

***

27.02.2020 / ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ЖЕТІСУ АУДАНЫ ЖАМАҒАТЫНА УАҒЫЗ АЙТТЫ

Алматыдағы «Әбу Ханифа» медресесінде тәлім алып жатқан шәкірттерге дәріс оқыған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы игі кездесуден кейін Жетісу ауданы жамағатына уағыз айтты.

***

27.02.2020 / 15 СТУДЕНТКЕ ҚМДБ ГРАНТЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни  басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына жасаған ресми сапары аясында «Нұр-Мүбәрак» университеті басшылығымен кездесіп, студенттерге дәріс оқыды.

kun22

kun23

***

28.02.2020 / БАС МҮФТИ 55 ИМАМҒА КУӘЛІК ТАБЫСТАДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматыдағы Имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында тәлім алып жатқан дін қызметкерлеріне дәріс оқыды.

***

28.02.2020 / ҚМДБ ТӨРАҒАСЫНА УНИВЕРСИТЕТТІҢ ЖҰМЫСЫН БАЯНДАДЫ

Алматы қаласына ресми сапармен келген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған делегация «Нұр Мүбәрак» университетінің ұстаздарымен кездесті.

Кездесуге университет ректоры, профессор Мухаммад әш-Шаххат әл-Жинди, проректор, доцент Қайрат Құрманбаев, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев, «Зекет» қорының директоры Талғат Омаров, Алматы қаласының имамы Еркінбек Шоқай мен оқу ордасының ұстаздары қатысты.

***

28.02.2020 / АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БАС МҮФТИМЕН КЕЗДЕСТІ

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті.

Бақытжан Әбдірұлы Қазақстан мұсылмандарының кезектен тыс ІХ Құрылтайында Бас мүфти лауазымына сайланған Наурызбай қажы Тағанұлын жаңа қызметімен құттықтады. Сонымен қатар, қала басшысы ҚМДБ-ның құрылғанына 30 жыл толуына орай Бас мүфти бастаған барша мүфтият ұжымын айтулы мерекемен құттықтап, игі тілегі мен ізгі ниетін жеткізді.

Екіжақты кездесуде қаладағы діни ахуал, мешіт тарапынан атқарылып жатқан қайырымдылық шаралардың маңызы сөз болды. Сонымен қатар, дінаралық достық пен келісімді арттыра түсудің мәні мен маңызы айтылды.

kun24

***

28.02.2020 / БАС МҮФТИ АЛМАТЫ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ

Қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы Орталық мешітінің жамағатымен жүздесіп, Алла үйіне жиналған қауымға уағыз айтты.

***

28.02.2020 / «НҰР МҮБӘРАК» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫМЕН СҰХБАТТАСТЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы жұмыс сапары аясында Алматыдағы «Нұр Мүбәрак» университетінің ректоры, профессор Мухаммад әш-Шаххат әл-Жиндимен кездесті.

Кездесуге ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, «Нұр Мүбәрак» университетінің проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев қатысты.

Басқосуда ректор Мухаммад әш-Шаххат әл-Жинди Бас мүфтиге университеттің жұмысын баяндады. ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы сапалы діни кадр даярлаудың маңызын атап өтті.

***

28.02.2020 / ИСЛАМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖҰМЫС ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы жұмыс сапары аясында Алматыдағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында болып, оқу ордасының жұмыс есебін тыңдады. Бас мүфтиге атқарылған жұмыстардың есебін баяндаған институт директоры Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы 2001-2019 жылдар арасында әр өңірден келген 1925 дін қызметкері арнайы тәлімдік курстан өткенін жеткізді. Сонымен қатар, Ислам институтының алда атқарар жұмыстарының жоспарымен таныстырды.

***

03.03.2020 / ӨЗБЕКСТАН САПАРЫ: БАУЫРЛАС ЕЛДЕРДІҢ БАЙЛАНЫСЫ БЕКИДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мен Өзбекстан мүфтиі Усмонхон қажы Алимовтің Самарқан қаласында өткен екіжақты кездесуінде бауырлас елдердің байланысын арттыру мәселесі талқыланды.

Кездесуде Усмонхон қажы Алимов: «Сіз біздің елдегі имам Бұхари атындағы Ислам институтында білім алып, мол тәжірибе жинадыңыз. Біз сізбен бірнеше жылдан бері ортақ шараларды бірге жүзеге асырып келеміз. Сіздің Бас мүфти болып сайлануыңыз Өзбекстан мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармалары арасындағы байланысты арттыра түседі деген сенімдемін», – деп атап өтті.

Өз кезегінде Наурызбай қажы Тағанұлы бауырлас елдерді біріктіретін құндылықтарға баса назар аударды.

kun25

kun26

***

03.03.2020 / ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ӨЗБЕКСТАН МҮФТИІМЕН ОРТАҚ ЖОБАЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

Алғашқы шетелдік сапарын Өзбекстаннан бастаған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Самарқан қаласында Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Усмонхон Темирхон уғли Самарқандиймен кездесті.

Екіжақты ресми кездесуде жаһандық сын-қатерге жауап беруде мұсылман үмбетінің өзара ынтымағын арттыру, діни мерекелерді бір күнде атап өту, ортақ пәтуалар қабылдау, деструктивті діни ағымдардың теріс үгіт-насихат жұмыстарына жол бермеу, бауырлас елдердің дін қызметкерлерінің білімін арттыру, тәжірибе алмасу шараларын ұйымдастыру, Матуриди сенім мектебі мен Әбу Ханифа мәзһабын халыққа насихаттау, діни оқу-ағарту саласы бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру, т.б. мәселелер талқыланды.

***

03.03.2020 / БАС МҮФТИ САМАРҚАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған қазақстандық делегация Өзбекстанның Самарқан қаласында басталған «Имам Матуриди тағылымы: өткені мен бүгіні» атты халықаралық конференцияға қатысты.

Конференцияға «әл-Әзһар» шейхы, Мысыр Бас имамы Ахмет Тайып, сонымен қатар мұсылман елдерінің мүфтилері мен дін қайраткерлері қатысты.

Басқосуда ұлық имам Әбу Мансұр Матуридидің рухани мұрасын халыққа насихаттау, діни экстремизм мен терроризмге қарсы мұсылман үмбеті ғалымдарының ағартушылық күшін біріктіру, әлемдік саяси ахуал күн сайын құбылған заманның сын-қатерлеріне жауап беру, адамдар арасында мейірімділік пен өзара келісім құндылықтарын қалыптастыру, т.б. мәселелер талқыланды.

kun27

***

04.03.2020 / «ӘЛ-ӘЗҺАР» ШЕЙХЫ АХМЕТ ТАЙЫППЕН СҰХБАТТАСТЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Өзбекстанның Самарқан қаласында өткен «Имам Матуриди тағылымы: өткені мен бүгіні» атты халықаралық конференция аясында әйгілі «әл-Әзһар» университетінің шейхы, Мысыр бас имамы Ахмет Тайыппен сұхбаттасты.

Кездесуде мұсылман үмбетінің бірлігін арттыру мәселесі сөз болды. Өз кезегінде «әл-Әзһар» университетінің шейхы Ахмет Тайып Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын жаңа қызметімен құттықтап, игі тілегін жеткізді.

kun28

***

04.03.2020 / НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ УКРАИНА МҮФТИІМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Өзбекстанның Самарқан қаласында өткен «Имам Матуриди тағылымы: өткені мен бүгіні» атты халықаралық конференция аясында Украина мүфтиі, шейх Ахмет Тамиммен кездесті.

Кездесуде жаһандық сын-қатерге жауап беруде мұсылман үмбетінің өзара ынтымағын арттыру, деструктивті діни ағымдардың теріс үгіт-насихат жұмыстарына жол бермеу, тәжірибе алмасу шараларын ұйымдастыру, діни оқу-ағарту саласы бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру, т.б. мәселелер талқыланды.

Өз кезегінде Украина мүфтиі, шейх Ахмет Тамим Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын жаңа қызметімен құттықтап, игі тілегін жеткізді. Сонымен қатар Украинаға ресми сапармен келуді ұсынды.

***

04.03.2020 / ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ИМАМ МАТУРИДИ МАЗАРЫН ЗИЯРАТ ЕТТІ

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған қазақстандық делегация Өзбекстанның Самарқан қаласына жасаған ресми сапары аясында Әбу Мансұр әл-Матуриди мазарын зиярат етіп, имамға Құран аятын бағыштады.

Делегация мүшелері жергілікті дін қызметкерлерімен сұхбаттасып, кесене тарихымен танысты.

***

04.03.2020 / САМАРҚАН САПАРЫ: БАС МҮФТИ ИМАМ БҰХАРИҒА ҚҰРАН БАҒЫШТАДЫ

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған қазақстандық делегация Өзбекстанның Самарқан қаласына жасаған ресми сапары аясында имам Бұхаридің мазарын зиярат етіп, Құран аятын бағыштады.

Делегация мүшелері жергілікті дін қызметкерлерімен сұхбаттасып, кесене тарихымен танысты.

***

04.03.2020 / БАС МҮФТИ ӨЗБЕКСТАН САПАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША СҰХБАТ БЕРДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Өзбекстан Республикасына жасаған ресми сапары бойынша «24 Хабар» телеарнасы, «Хикмет» телерадиостудиясы мен өзбекстандық бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берді.

***

05.03.2020 / БАС МҮФТИ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН СЕМЕЙ ӨҢІРІНЕ КЕЛДІ

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти екі күндік жұмыс сапарымен Семей өңіріне келді. Наурызбай қажы Тағанұлын қала әкімі Ермак Сәлімов күтіп алды.

Кейін бас мүфти Ермак Бидахметұлымен арнайы кездесіп, бірқатар мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Айта кетейік, Бас мүфти осы сапарында арнайы Жидебайға барып, Абай мен Шәкәрім жатқан кешенге зиярат жасамақ. Одан бөлек ертең Семей қаласында өтетін «Хәкім Абай мұрасының Ислам құндылықтарымен сабақтастығы» атты конференцияға қатысып, баяндама жасады.

kun29

kun30

***

06.03.2020 / БАС МҮФТИ СЕМЕЙДЕ ЖҰМА НАМАЗЫН ӨТКІЗДІ

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Семейдегі сапары аясында «Қос мұнаралы мешітте» жұма намазын өткізді. Алдымен жиылған жамағатқа «Исламдағы әйелдің мәртебесі» деген тақырыпта уағыз айтты.

Аталған уағызында Бас мүфти әйел кісінің үш мәртебесіне тоқталды. Оның біріншісі қыз мәртебесі, екіншісі әйел мәртебесі және соңғысы Ана мәртебесі деп әйелдің өз орны мен қадірін айшықтап айтты.

***

06.03.2020 / НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ЖИДЕБАЙҒА ЗИЯРАТ ЖАСАДЫ

Семей өңіріне арнайы келген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы сапарын Жидебайдан бастады. Мұнда ең алдымен Абай рухына Құран бағышталып, құрбандық шалынды.

Кейін осы кешенде қатар жатқан Шәкәрім Құдайбердіұлының да рухына Құран оқылып, елге дұға жасады. Зияраттан соң Бас мүфти Абай ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыровпен бірге Жидебайдағы мұражайды аралады. Кешен жұмысымен толық танысқан соң Бас мүфти  музей ұжымына ізгі ниетін жеткізіп, қолтаңба қалдырды. Жидебай қорығына жасаған сапар барысында жергілікті телеарналар мен ақпарат құралдарына сұхбат берді.

kun31

***

07.03.2020 / ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ МҮФТИЯТТЫҢ МЕДИА САЛАСЫН ДАМЫТУДЫ ТАПСЫРДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мүфтияттың ақпарат, медиа саласына жауапты қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуге ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Марат Бектазинов, Баспа және аударма бөлімінің меңгерушісі Мұрат Манапұлы, ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы, «Мұнара» газетінің бас редакторы Серікбол Хасан, «Хикмет» телерадиостудиясының редакторы Ерболат Айтбайұлы, журналист Еркін Шәкірұлы т.б. мамандар қатысты.

Бас мүфти жуырда ҚМДБ жанынан Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімі ашылғанын, бұл шешім осы саладағы жұмыстарды жаңа деңгейге көтеретінін атап өтті.

kun32

kun33

***

07.03.2020 / БАС МҮФТИ ТҮРКІ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДЕНТІМЕН БІРҚАТАР МӘСЕЛЕНІ ТАЛҚЫЛАДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы елордада Халықаралық түркі академиясының президенті, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлімен сұхбаттасты.

Дархан Қуандықұлы Бас мүфтиді жаңа қызметімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Кездесуде қазақтың дін қайраткерлері мен тарихи мешіттер, киелі орындар мен салт-дәстүр сабақтастығы туралы танымдық кітап пен мақала топтамасын шығару мәселесі талқыланды. Сонымен қатар, Діни басқарманың ұйытқы болуымен тарихи-діни кітапхана ашу бастамасы сөз болды.

Мүфтияттың жұмысы жайлы жылы пікірін білдірген Дархан Қыдырәлі қасиетті рамазан айында «Егемен Қазақстан» газетінен арнайы айдар ашып, танымдық материалдарға орын беретінін жеткізді.

***

10.03.2020 / БАС МҮФТИ ҚЫЗМЕТТІК КӨЛІКТІҢ КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлына қызметтік көліктің кілтін табыстады.

«Қызметкерлерді моралдық һәм материалдық тұрғыдан қолдап, оларды жұмысқа жігерлендіру – басшының міндеті. Біз өз деңгейімізде қолдан келген көмекті жасаймыз. Ендігі мақсат, пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұсылман үмбетіне өсиет еткендей, осы жұмысымызды жақсы көріп, дінге, елге қызмет етуде тиянақтылық танытуымыз тиіс. Әр ісімізді кәсіби түрде орындауға кірісейік. Ортақ мақсат ісінде жұмыла жұмыс істейік», – деп атап өтті кілтті табыстау рәсімінде Бас мүфти Наурызбай қажы Наурызбай қажы Тағанұлы.

***

10.03.2020 / ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ТҮРКИЯ ЕЛШІСІМЕН СҰХБАТТАСТЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия Республикасының еліміздегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Екиджи мырзамен кездесті.

Екі жақты ресми кездесуде бауырлас елдердің байланысы сөз болды. Сонымен қатар, тараптар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия дін істері басқармасы арасында қабылданған екі жақты меморандум аясында жүзеге асып жатқан жобалар туралы әңгімелесті.

***

11.03.2020 / ИОРДАН ЕЛШІСІМЕН БІРҚАТАР БАСТАМАЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Иордан Хашимит Корольдігінің еліміздегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Юсуф Абделғанимен кездесті.

Кездесуге ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Бас мүфти кеңесшісі Балтабай Мекежанов қатысты.

Мәртебелі мейман Бас мүфтиге жауапты қызметке сайлануына байланысты тілеулестік ниетін білдіріп, Иордан Ислам дін істері және Уақып министрі Мұхаммед Ахмед әл-Халайланың ресми құттықтау хатын табыстады.

***

11.03.2020 / НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ АҚМОЛА ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Көкшетау қаласынан келген делегациямен кездесті.

Кездесуге белгілі қаламгер, қоғам қайраткері Жабал Ерғалиев, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбит, Ақмола облысы Дін істері бөлімінің басшысы Болат Нығметжанұлы қатысты.

Басқосуда Жабал Ерғалиев Ақмола облысының әкімі Ермек Боранбайұлының Наурызбай қажы Тағанұлына оның Бас мүфти лауазымына сайлануына байланысты жолдаған құттықтау хатын табыстады.

***

12.03.2020 / БАС МҮФТИ ИЗРАИЛЬ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Израиль мемлекетінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Лиат Вексельман ханыммен кездесті.

Кездесуде дінаралық татулық пен келісімді нығайтудың маңызы, қоғамда мейірімділік пен бейбітшілік құндылықтарын насихаттау, адамдар арасында өзара сыйлыстық пен келісім, достық пен құрметті арттырудың мәні, т.б. мәселелер талқыланды.

kun34

***

12.03.2020 / ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОНЛАЙН МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен ҚМДБ бас кеңсесінде Ғұламалар кеңесінің онлайн мәжілісі өтті.

Мәжілісте коронавирус індетіне байланысты бірқатар мәселелер талқыланды. Сонымен қатар жұқпалы дерттің алдын алу, сақтық һәм қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру, мешітте дезинфекция жұмыстарын жүргізу, т.б. мәселелер сөз болды.

Ғұламалар кеңесінің мүшелері коронавирусқа байланысты жұма намазын тоқтату туралы қоғамда туындаған сауал төңірегінде пікір алмасты. Дін қызметкерлері бұл сауалға қатысты өз пікірлерін білдіріп, әзірше жұма намазын тоқтатуға қажеттілік жоқ екенін алға тартты. Бұл мәселеге қатысты ҚМДБ мәлімдемесін жариялау туралы шешім қабылданды.  

***

12.03.2020 / БАС МҮФТИ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ҚОЛҒА АЛУДЫ ТАПСЫРДЫ

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен ҚМДБ Орталық аппаратының кезекті жиналысы өтті. Жиында әлемді дүрліктіріп тұрған коронавирус індетін алдын алу, мешіт пен медреселерде сақтық шараларын жүзеге асыру мәселесі талқыланды.

ҚМДБ Төрағасы бүгінде кейбір елдерде коронавирус жылдам таралып, вирусты жұқтырған адам саны артқанын алға тарта келе, дертке қарсы арнайы сақтық шараларын қолға алуды тапсырды.

***

13.03.2020 / БАС МҮФТИ НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ АДАМЗАТТЫҢ АМАНДЫҒЫ ҮШІН АРНАЙЫ ДҰҒА ЖАСАДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Елордадағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде жұма намазын жүргізіп, күллі адамзаттың амандығы үшін арнайы дұға жасады.

«Алла Тағала еліміз бен жерімізді түрлі апат пен індеттен сақтағай. Күллі адамзат баласын жұқпалы дерттен аман еткей. Науқастанған жандарға шипа, жолаушыларға жолдың амандығын тілейміз», – деді Бас мүфти.

kun35

***

16.03.2020 / БАС МҮФТИ ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ОНЛАЙН МӘЖІЛІСІН ӨТКІЗДІ

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Ғұламалар кеңесінің кезектен тыс онлайн мәжілісі өтті.

Мәжіліске наиб мүфти Ершат Оңғаров, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Шоқанов және Ғұламалар кеңесінің мүшелері қатысты.

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласындағы Ғұламалар кеңесінің мүшелерімен онлайн режимде пікір алмасты. Алматыдан онлайн мәжіліске Бас мүфти кеңесшісі Мұхаммед-Хұсейн Алсабеков, «Нұр Мүбәрак» университетінің проректоры Қайрат Құрманбаев, ұстаз Алау Әділбаев, Ерсін Әміре, Бауыржан Әлиұлы қатысты.

Онлайн мәжілісте елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты мешіт жанындағы асханаларда өтетін ас-садақаларды кейінге шегеру, жамағатпен оқылатын намазға қатысты пәтуа шығару, т.б. мәселелер талқыланды.

***

16.03.2020 / ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИДІҢ МҰСЫЛМАН ҚАУЫМЫНА ҮНДЕУІ

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты мұсылман қауымына үндеу жасады.

***

18.03.2020 / БАС МҮФТИ ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖИНАЛЫСЫН ӨТКІЗДІ

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Тексеру комиссиясының алғашқы жиналысы өтті.

Жиналысқа ҚМДБ Аппарат басшысы Ғ.Мәжиев, Тексеру комиссияның төрағасы, «Нұр Мүбәрак» университетінің доценті, А.Әлмұхамедов, көмиссия мүшелері – ҚМДБ Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі М.Жаппасбаев, ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы бойынша есепшісі Қ.Қайсенов қатысты.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Тексеру комиссиясының жұмыс жоспарын тыңдап, діни саладағы қаржылық ашықтықты қамтамасыз етуді тапсырды. Кездесуде сөз алған комиссия мүшелері Бас мүфти тапсырмасы мен өзіне жүктелген міндетті тиянақты түрде орындайтындарын жеткізді.       

Айта кетсек, елордада 2020 жылы 7 ақпанда өткен Қазақстан мұсылмандарының кезектен тыс ІХ құрылтайында делегеттардың дауыс беруімен Тексеру комиссиясы бекітілген болатын. Комиссия міндеті – діни саладағы қаржы ашықтығын қадағалап, есеп-қисап жұмыстарына мониторинг жасау.

***

18.03.2020 / БАС МҮФТИ БАРША ДІН ҚЫЗМЕТКЕРІН ҮЗДІКСІЗ ҚҰРАН ХАТЫМ ОҚУҒА ҮНДЕДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздегі төтенше жағдайға байланысты имам-молдаларды үздіксіз Құран хатым оқуға үндеді.

«Біз – тарихымыздың сан қилы сындарлы сәттерінде үмітсіздікке берілмей, бір Алладан медет тілеген халықпыз. Осы ретте мұсылман қауымын еліміз бен жеріміздің, күллі адамзаттың амандығы үшін дұға жасауға, Аллаға мадақ, Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтуға шақырамын. Ал барша дін қызметкерін Құранды үздіксіз хатым етіп оқып отыруға үндеймін. Уақытша сынақты әуелі Алланың жәрдемімен, иманымыз бен бірлігіміздің арқасында жеңіп шығатынымызға көбірек үміт артайық. Алла Тағала Отанымызды, халқымызды жұқпалы індеттен аман етіп, өз панасында сақтағай» деп атап өтті.

kun36

***

20.03.2020 / ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ УАҒЫЗ АЙТТЫ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы HIKMET TV арнасының Youtube желісіндегі каналынан тікелей эфирде насихат айтты.

Онлайн режимде өткен Бас мүфтидің жұма насихаты «Ислам – тазалық діні» тақырыбында өрбіді. ҚМДБ Төрағасы сөз басын елде болып жатқан төтенше жағдай жайлы айтып-түсіндіруден бастады.

Одан әрі мешіттерде жұма және жамағатпен оқылатын намаздарды оқымауға қатысты мұсылман елдері шығарған пәтуаға, сондай-ақ осы мәселеге қатысты мүфтияттың шығарған пәтуасына тоқталды. Наурызбай қажы Тағанұлы бұл пәтуаның жамағатты жұқпалы аурудан сақтандыру мақсатында шығарылғанын алға тартып, түсіністікпен қабылдауға шақырды. Бас мүфти сондай-ақ жұртшылықты сабырға шақырып, індеттің алдын алу үшін тазалық сақтап жүруге, салауат, дұға, садақа жасау, кешірім тілеу, қайырымдылық секілді сауапты амалдар жасауға үндеді.

Сөз соңында Наурызбай қажы Тағанұлы жұқпалы дертпен күресіп жатқан дәрігерлерге алғыс айтып, науқастарға шипа тіледі. Елдің амандығы, жұрттың тыныштығы және атышулы індеттің беті қайтып, мешіттердің қайтадан жамағатқа толуы үшін Алла Тағалаға дұға етті.

***

20.03.2020 / ҚМДБ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫН ЖАСАДЫ

Қасиетті жұмада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлері Құран хатым етіп, дұғасын жасады.

Хатым батасын берген Бас мүфти: «Уа, Алла Тағала! Науқасқа душар болған пенделеріңе шипаңды бергейсің. Жолаушылардың сапарын оңғара гөр. Өзіңнен жәрдем сұраған құлдарыңның дұғасын қабыл еткейсің. Науқас жандарға қасиетті Құранды шипа етіп, қайғыдан сейілтіп, қуанышын арттыра гөр. Уа, Алла Тағала! Еліміз бен жерімізді түрлі табиғи апат пен жұқпалы індеттен сақтап, мешіттерімізді жамағатқа толтырғайсың, жұртымызға жар болғайсың» деді.

***

21.03.2020 / БАС МҮФТИ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан халқын наурыз мерекесімен құттықтады.

***

24.03.2020 / БАС МҮФТИ: ЖҰМА НАМАЗЫН УАҚЫТША ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ БАРШАМЫЗҒА АУЫР ТИДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы отандық телеарналарға берген сұхбатында осылай деді.

kun37

kun38

***

26.03.2020 / БАС МҮФТИ ҚАСИЕТТІ ШАҒБАН АЙЫНЫҢ КЕЛУІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

***

27.03.2020 / БАС МҮФТИ HIKMET TV АРНАСЫ АРҚЫЛЫ ЖҰМА НАСИХАТЫН АЙТТЫ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы HIKMET TV арнасының Youtube желісіндегі каналынан «Уақытты тиімді пайдалану» тақырыбында насихат айтты.

***

27.03.2020 / ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ДІНИ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ (CALL CENTER) АШЫЛДЫ

Нұр-Сұлтан қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Орталық аппараты жанынан Діни ақпарат орталығы (call-center) ашылды.

Орталықта дін саласының білікті мамандары тәулік бойы қазақ және орыс тіліндегі сұрақтарға жауап береді. Діни ақпарат орталығына (call-center) бір тәулікте шамамен 50-60 сұрақ түседі. Бұдан бөлек ватсап желісі арқылы сауал қоюшылар да бар.

kun39

***

31.03.2020 / БАС МҮФТИ "24 ХАБАР" ТЕЛЕАРНАСЫНА ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ СҰХБАТ БЕРДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы "24 Хабар" телеарнасына тікелей эфирде сұхбат берді.

"Адамды рухани күйзелістен құтқарудың жолдары" атты тақырыпта сұхбат берген Бас мүфти төтенше жағдайға байланысты ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің шығарған пәтуасын таныстырып, карантин кезінде ораза ұстау, уақытты тиімді пайдалану, құлшылықты арттыру, дұға жасаудың маңызы сынды бірқатар сауалдар төңірегінде ой-кеңестерімен бөлісті.

kun40

kun41

***

02.04.2020 / БАС МҮФТИ ЕЛ МҰСЫЛМАНДАРЫН ЕҢ КЕМІНДЕ 100 ИСТИҒФАР МЕН САЛАУАТ АЙТУҒА ҮНДЕДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздегі төтенше жағдайға байланысты барша мұсылман қауымын Аллаға дұға етіп, ең кемінде 100 истиғфар және ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтуға шақырып, арнайы Үндеу жолдады.

***

02.04.2020 / БАС МҮФТИ КЕЗЕКТІ ЖҰМА НАСИХАТЫН ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ АЙТТЫ

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы әр жұма сайын HIKMET TV арнасының Youtube желісіндегі каналынан жұма насихатын айтып келеді. Бүгінгі жұма насихатында Бас мүфти «Мұсылманның ісі – Аллаға тәуекел ету» тақырыбында әсерлі әңгіме өрбітті.

***

06.04.2020 / БАС МҮФТИ РАМАЗАНҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ПЫСЫҚТАДЫ

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы аппарат жиналысы өтті. Мәжіліске ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Бас мүфти кеңесшісі Бижігіт Нұржігітұлы, бөлім меңгерушілері мен мамандары қатысты.  

Жиналыстың күн тәртібінде қасиетті Рамазан айына дайындық жұмыстарын пысықтау, биылғы пітір садақасының мөлшерін анықтау, садақа және зекет беру жүйесін оңтайландыру, жамағат тарапынан оразаға қатысты сұрақтарға дер кезінде жауап беру, т.б. мәселелер талқыланды.

kun42

***

06.04.2020 / ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ «24 ХАБАР» ТЕЛЕАРНАСЫНА ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ СҰХБАТ БЕРДІ

«Адамды рухани күйзелістен құтқарудың жолдары» атты тақырыпта өрбіген сұхбатта Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Халқымызда «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген мағынасы терең мақал бар. Қасиетті Рамазан айын мешіттерімізде барша жамағатпен қарсы алуға асықпыз. Алла Тағала осы күнді жақындатқай. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде мүміннің амалы ниетіне тәуелді екенін өсиет еткен. Демек, біздің амалымыз, тіршіліктегі әрбір әрекетіміз амалымызға байланысты болмақ. Осы ретте барша мұсылман қауымын дұға жасап, жақсы ниетпен қасиетті айды қарсы алуға шақырамын» деді.

***

07.04.2020 / БАС МҮФТИ ИСЛАМ ҒҰЛАМАЛАРЫН ЖҰМА КҮНІ БІР МЕЗЕТТЕ ДҰҒА ЕТУГЕ ҮНДЕДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мұсылман әлеміне Үндеу жариялады.

kun43

kun44

***

09.04.2020 / ИСЛАМ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ҰЙЫМЫ БАС МҮФТИ БАСТАМАСЫН ҚОЛДАДЫ

Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) ресми сайтында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының барша мұсылман үмбеті мен Ислам ғұламаларына жолдаған Үндеуі жарияланды.

***

10.04.2020 / БАС МҮФТИ ҚАЗАҚ РАДИОСЫНА АРНАЙЫ СҰХБАТ БЕРДІ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақ радиосының «Ықылас» хабарына арнайы сұхбат берді. Діни басқарма төрағасы хабар барысында негізінен қазіргі жағдайға барынша тоқталды. Елдегі төтенше жағдай кезіндегі карантиннің мұсылман үмбетінің құлшылығына тигізіп жатқан әсері, карантин уақытын тиімді пайдалану, алда келе жатқан Рамазан айына дайындық барысы мен күллі мұсылман әлеміне жолданған «Біз – біргеміз, тілегіміз – ортақ» атты Үндеу де сұхбатқа арқау болды.

***

10.04.2020 / БАС МҮФТИ БАС ИМАМДАРМЕН ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ЖИНАЛЫС ӨТКІЗДІ

Онлайн мәжілісте биылғы Рамазан айының басталуы мен ораза айтының күнін анықтау, пітір садақасының және зекеттің мөлшерін белгілеу, төтенше жағдай кезінде тарауық намазы мен ауызашар өткізудің үкімін шығару, карантин кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау, т.б. мәселелер талқыланды.

kun45

***

14.04.2020 / ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖАНЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНІҢ АЛАҢЫНДА ӨТКЕН ОНЛАЙН БАСПАСӨЗ МАСЛИХАТЫНА ҚАТЫСТЫ.

ҚМДБ төрғасы, Бас мүфти баспасөз маслихатында төтенше жағдай кезінде діни іс-шараларды өткізу тәртібі туралы баяндады.

kun46

kun47

***

16.04.2020 / БАС МҮФТИ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ОНЛАЙН ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Онлайн мәжіліске наиб мүфти Ершат Оңғаров, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Ғұламалар кеңесінің мүшелері, ҚМДБ бөлім меңгерушілері мен облыс және республикалық маңызы бар қалалардың бас имамдары қатысты. Онлайн мәжіліске қосылған Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов төтенше жағдай кезінде дін қызметкерлерінің қайырымдылық, онлайн насихат айту, халықты бірлік пен имандылыққа шақыру бағыты бойынша атқарып келе жатқан жұмыстары жайлы оң пікірін білдірді. Сонымен қатар, ҚМДБ Ғұламалар кеңесі әзірлеген ас беру мәдениеті, зиратты зиярат етудің тәртібі сынды бірқатар құжаттардың қоғам үшін маңыздылығын атап өтті.

***

17.04.2020 / БАС МҮФТИ РАМАЗАНҒА ҚАТЫСТЫ БІРҚАТАР СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Azattyq Rýhy порталының «Азат алаң» бағдарламасына сұхбат берді.

Наурызбай қажы Тағанұлы сұхбатында карантин кезінде пітір садақаны қалай төлеуге болатынын, онлайн намаз, иммунитеті әлсіз адамдарға ауыз бекітуіне қатысты сұрақтарға жауап берді.

Бас мүфти сонымен қатар биылғы Рамазан айында кейбір діни жоралғылардың орындалмайтынын, яғни тарауық намазы әдеттегідей жамағатпен оқылмайтынын, көпшілік үшін аузашар берілмейтінін түсіндіріп өтті.

***

21.04.2020 / БАС МҮФТИ РАМАЗАНҒА БАЙЛАНЫСТЫ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Карантин жағдайындағы Рамазан» тақырыбында арнайы баспасөз конференциясына қатысты.

***

23.04.2020 / РАМАЗАН АЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мұсылман жұртшылығын қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ізгі тілегін жолдады.

***

24.04.2020 / БАС МҮФТИ «АСЫЛ АРНА» ТЕЛЕАРНАСЫНА АРНАЙЫ СҰХБАТ БЕРДІ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы республикалық «Асыл арна» телеарнасының Діни басқармамен бірлескен «Иман шуағы» хабарына арнайы сұхбат берді.

Бас мүфти аталған хабар барысында биылғы Рамазан айының ерекшелігі, тарауық намазын онлайн оқу, пітір мен зекетті төлеу және қайырымдылық пен сауапты істердің атқарылуы жайында айрықша тоқталды.

Сонымен қатар ТЖ кезінде ауызашар рәсімін өткізу және ҚМДБ-ның оразаның отыз күніне арналған жоспарын таныстырды. Бас мүфти сұхбат барысында көрерменді, жалпы жамағатты Рамазан айында барынша игілікті іспен айналысуға шақырды.

***

25.04.2020 / БАС МҮФТИ ҰЛТТЫҚ АРНАДА ҰЛЫҚ АЙДЫҢ ХИКМЕТІ ТУРАЛЫ СҰХБАТ БЕРДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан ұлттық арнасындағы "Ораза қабыл болсын" бағдарламасына қатысып, Рамазан айының қадірі мен қасиеті жайлы сұхбат берді. Тікелей эфирде өткен бағдарлама барысында Бас мүфти халықтан түскен сұрақтарға да жауап берді.

kun48

***

30.04.2020 / БІРЛІКПЕН БҰЛ СЫНАҚТЫ ДА ЕҢСЕРЕМІЗ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақ елін қасиетті Рамазан айына тұспа-тұс келген Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен құттықтады.

***

01.05.2020 / БАС МҮФТИ КЕШІРІМДІЛІК ЖАЙЛЫ ЖҰМА НАСИХАТЫН АЙТТЫ

Бүгін – Рамазан айының екінші жұмасы. Қасиетті айдың қасиетті күнінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтқан Жұма насихаты кешірімді болу тақырыбына арналды.

«Хикмет» студиясының әлеуметтік желідегі эфирінде өткен уағыз барысында Бас мүфти ең алдымен кешірімді болудың мәніне кеңінен тоқталды.

***

05.05.2020 / БАС МҮФТИ МАҚТААРАЛДЫҚ АҒАЙЫНҒА КӨМЕК КӨЛЕМІН ҰЛҒАЙТУДЫ ТАПСЫРДЫ

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен арнайы жиналыс өтті. Жиналысқа наиб мүфти Ершат қажы Оңғаров, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев және бөлім меңгерушілері қатысты.

Мәжілісте қасиетті Рамазан айында атқарылып жатқан қайырымдылық шаралардың жоспарға сай жүзеге асуы пысықталды. Сонымен қатар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы су апатынан зардап шеккен Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы ағайындарға көрсетіліп жатқан көмек көлемін ұлғайтуды тапсырды.

***

07.05.2020 / ОТАНДЫ ҚОРҒАУ – ҚАСИЕТТІ БОРЫШ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақ елін Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

***

12.05.2020 / БАС МҮФТИ ДІНИ БАСҚАРМА МАҢЫН АБАТТАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

Қазақстан мұсылмандары дін басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Діни басқарма ғимаратын аралап, тыныс-тіршілігімен танысты.

Бас мүфти ғимараттың спорт кешенін, кітапханасын, компьютер бөлмесін, компьютер залын, акт залы мен спорт залын, ғимарат маңын аралап шықты.

Сондай-ақ Наурызбай қажы Тағанұлы тиісті қызметкерлерге Діни басқарма маңын абаттандыру, құрылысы бітпей жатқан нысандарды аяқтау жайлы тапсырма берді.

***

13.05.2020 / БАС МҮФТИ АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаевамен кездесті.

Кездесуге қатысушылар мемлекеттік-діни қатынастар мен ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайту жолдары туралы пікір алмасты. Кездесу барысында мешіттердің ашылуы, қасиетті Қадір түні мен Айт кезінде намаз оқу мәселелері талқыланды. Тараптар қайырымдылықтың заманауи электронды әдістерін (онлайн-садақа) енгізу тәжірибесіне оң баға берді, діни білім беру сапасын, Орталық ислам кітапханасын құру мүмкіндігін және тағы басқа тақырыптарды қозғады.

***

13.05.2020 / БАС МҮФТИДІҢ ҮНДЕУІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын мешіттердің ашылуына қатысты үндеу жолдады.

***

14.05.2020 / БАС МҮФТИ МЕШІТТІ АШУҒА ҚАТЫСТЫ ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ПЫСЫҚТАДЫ

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен ҚМДБ Орталық Аппаратының жиналысы өтті. Мәжіліске наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлы, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Бас мүфти кеңесшілері мен бөлім меңгерушілері қатысты.

«Алла қаласа, 18 мамырда жеке құлшылық жасап, Құран оқытып, неке қидыруға ниет білдірген азаматтар үшін мешіттерімізді ашамыз. Осы сәтте карантин талаптары қатаң сақталуы тиіс. Ал біздің имамдарымыз бұл мезетте күшейтілген режимде жамағатқа қызмет көрсетуі керек. Құлшылық үйін 3 сағат сайын таза ауамен алмастырып отыруды, мешітке келушілерге бетперде мен қолғап киіп алуды, дәрет алғанда, жеке құлшылық жасағанда карантин талаптарын қатаң қадағалауды тапсырамын» деп атап өтті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

kun49

 

 

Бөлісу: