15
Сәрсенбі,
Шілде

һижри

Бас мүфти Бекет ата зиратын зиярат етті (ФОТО)

Бас мүфти Бекет ата зиратын зиярат етті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

29 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz –  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған мүфтият қызметкерлері Маңғыстау облысына жасаған ресми сапары аясында Шопан ата, Бекет ата зираттарында болып, зиярат жасап, Құран бағыштады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Зиярат жасау барысында жергілікті имамдармен сұхбаттасқан Наурызбай қажы Тағанұлы: «Бір ғұлама «Халықты оятқың келсе, оның тарихын оят» деген екен. Біз жастарды құлшылыққа құлшындырып қана қоймай, оларды тарихымызбен де тәрбиелеуіміз керек. Біздің тарихымыз тәлім мен тағылымға толы. Талай тұлғаларымыздың өмірі өнеге болып қалды. Ендеше, оны көбірек насихаттауымыз керек», - деп атап өтті.

Бас мүфти зиярат жасау рәсімінде арнайы құрбан шалып, ел мен жеріміздің амандығы үшін дұға жасады.

beket1

beket1

beket1

beket1

beket1

Бөлісу: