23
Сенбі,
Қараша

һижри

«Халал даму» құс фабрикаларын тексерді

«Халал даму» құс фабрикаларын тексерді

Ел іші
Жарнама

8 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Алматы өңірінде сертификаттаудан өткен кәсіпорындарды тексеру мақсатымен арнайы іссапарда жүрген «Халал Дамудың» комиссия мүшелері Алматы облысында орналасқан «Алатау-құс», «Алель Агро», «Сарыбұлақ құс» фабрикаларындада жоспарлы бақылау-қадағалау жұмысын жүргізді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Тексеріске ҚМДБ «Халал Дамудың» директоры Айбек Аташев, инспектор-контролерлар Жанәбіл Жұмабеков, Чадаев Маратхан, бас технолог Айжан Омарова қатысты. Тексеріс барысында бекітілген шариғат және стандарт талаптарының сақталуы мен орындалуы қадағаланды.

Бақылау барысында құс азығының рұқсат етілген, таза болуы, сулы ванна температурасының стандартқа сәйкес келуі, құсты тек «Бисмиллах» айтып, қолмен бауыздау, бауыздағаннан кейін стандарт талаптарына сай бекітілген қан ағызу ережелерінің орындалуы басты назарға алынды. Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау, сатуға қойылатын жалпы стандарт талаптарының орындалуы, сондай-ақ өндіріс аймағының санитарлық талаптарға сай болуы да тексерілді.

Құс фабрикаларына жүргізілген бақылау жұмыстары барысында біраз кемшіліктер де анықталды. Айбек Асқарбекұлы айтылған ескертулерді жедел түрде түзету керектігін, бекітілген мерзімде жүзеге аспаған жағдайда  сертификат күші жойылатынын жеткізіп, ескертулердің орындалуын жергілікті өкіл Жанәбіл Жұмабековке тапсырды.

halalqus1

halalqus1

halalqus1

halalqus1

Бөлісу: