04
Жұма,
Желтоқсан

һижри

ҚМДБ: Дін қызметкерлеріне онлайн семинар өтті (ФОТО)

ҚМДБ: Дін қызметкерлеріне онлайн семинар өтті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

10 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Кеше елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Жергілікті ақпараттық-насихат тобына арналған онлайн семинар өтті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Онлайн семинарға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлы, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров қатысты.

Семинарда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы насихат айту әдіс-тәсілдері туралы ойларын бөлісті. Ал Батыржан Мансұров ЖАНТ мүшелеріне арналған құжатпен таныстырды. ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы дін қызметкерінің келбеті туралы баяндама жасады. Ал Уағыз-насихат бөлімінің маманы Хамзат Қажымұратұлы «Діни уағыздың құрылымы, жасалуы, жеткізу тәсілі» тақырыбында баяндама жасап, ойларын ортаға салды.

Семинарды наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлы жүргізіп отырды.

semina1

semina1

semina1

semina1

semina1

semina1

semina1

semina1

semina1

semina1

semina1

Бөлісу: