22
Жұма,
Қараша

һижри

ҚМДБ Төрағасы: Ғұламалар кеңесі пәрменді институт ретінде қалыптасты (ВИДЕО)

ҚМДБ Төрағасы: Ғұламалар кеңесі пәрменді институт ретінде қалыптасты (ВИДЕО)

Ел іші
Жарнама

15 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің ХХV мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кеңес жұмысын жоғары бағалады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Павлодар қаласында өткен кеңестің көшпелі мәжілісін ашқан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Ғұламалар кеңесі пәрменді институт ретінде қалыптасты. Өзекті діни мәселеде қоғам арасында «Ғұламалар кеңесінің ұстанымы қандай? Қандай пәтуа шығарады екен?» деген сауалдар жиі айтылады. Бұл – сіз бен біздің атқарған ауқымды еңбегіміз бен жанқиярлықпен жасап жатқан жұмыстарымыздың жемісі.

Елімізде төтенше жағдай жарияланып, халқымыз елең-алаң күй кешкен сәтте біздің ғұламалар онлайн режимде маңызды құжаттарды талқылап, қажетті пәтуалар қабылдады. Бұл пәтуаны жамағат дұрыс қабылдап, біздің Үндеуге мойынсұнып, бірлігін көрсетті», – деп атап өтті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

5589

5590

Бөлісу: