26
Сейсенбі,
Қараша

һижри

«Цифрлық сауат» пәні 1-сыныптан бастап оқытылады

«Цифрлық сауат» пәні 1-сыныптан бастап оқытылады

Ел іші
Жарнама

30 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – 2021 жылдан бастап «Цифрлық сауат» пәнін 1-сыныптан бастап оқитын болды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайдыды Egemen.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Орта білім беруде 2013 жылға дейін ақпараттық техологиялар пәні 7-сыныптан басталып, ескірген мазмұннан тұрды. Одан кейін 5-сыныпқа түсірілді. Бірақ осы бағдарламаларда көбіне компьютер пайдалану, кеңселік қосымшаларды игеру сияқты қарапайым дағдылар бердік те, осы бағдарлама жаңартуды талап еткен болатын. Сондықтан енді 2021 жылдан бастап «Цифрлық сауат» пәні 1-сыныптан бастап енеді. Балалар алгоритмді, ақпараттық гигиена мен қауіпсіздікті, Scratch кодтау тілін үйренеді. STEM, 3Д-принтинг, робототехника негіздерін игереді», - деді Асхат Аймағамбетов.

Бөлісу: