26
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Уағыз-насихат жұмыстарының жаңа бағыты

Уағыз-насихат жұмыстарының жаңа бағыты

Ел іші
Жарнама

22 шілде. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елімізде COVID-19 коронавирусының таралуы уағыз-насихат жұмыстарына біраз деңдейде кедергі болғанымен, еліміздегі төтенше жағдайға сай жаңа тиімді бағыт онлайн режимде уағыз жүргізу қолға алынды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бастапқыда бұл қолайсыз көрінгенімен уақыт өте уағыз айтушы имамдар да, жамағат та бұл бағытты жақсы қабылдап, тиімділігін байқады.

«Уағыз айту – адамдарға дінді жеткізудің бір жолы. Уағызды көпшілікке жеткізу үшін имамның айтатын насихаты жан-жақты, тақырыптан ауытқымай әрі терең мазмұнды әрі шешендік өнермен түсінікті етіп айтылуы керек. Уағыз айту үлгісін жоғары дәрежеде орындау – мұсылман үмбетінің сауаттылығын арттыруға, жан-жақты тұлға, әрі отаншыл азамат болып қалыптасуына, дінаралық бірлік пен татулыққа ықпал ету арқылы мемлекет іргесінің бүтіндігіне қызмет етуге үлес қосады» дейді ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров.

Наурыз айынан бастап барлық өңірлерде осы бағытта әлеуметтік желілер іске қосылып, уағыз-насихат жұмыстары басқа қырынан қарқын алды. Оған дәлел діни арналарындағы тіркелушілердің санының, уағыздар қаралымының артуы дейді Б.Мансұров.

Сәуір, мамыр, маусым айларында өңірлердің ұйымдастыруымен 1543 уағыз айтылып, жалпы саны 471367 адам қамтылды. Осы үш ай көлемінде YouTube арналарға тіркелушілер саны шамамен 30 пайызға артты.

uagiz1

uagiz1

uagiz3

uagiz1

uagiz1

uagiz1

uagiz1

uagiz1

Бөлісу: