29
Сейсенбі,
Қыркүйек

һижри

Бас мүфтиге жолданған ақжарма тілектер

Бас мүфтиге жолданған ақжарма тілектер

Ел іші
Жарнама

2 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Құрбан айт мерекесіне орай ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атына шет елдердің дін басшылары мен мүфтилерінен құттықтау хаттар келіп түсуде, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бас мүфтиді Құрбан айт мерекесімен құттықтап, ақжарма тілегін білдірген хаттарды Дүниежүзілік ислам мазһабтарын жақындастыру жөніндегі ассамблеяның бас хатшысы Хамид Шахриари, Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасының және мүфтилер кеңесінің төрағасы Равиль Гайнутдин, Беларусь мұсылмандары діни бірлестігінің төрағасы Абу-Бекир Шабанович, Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Усмонхан Алимов, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Мақсатбек қажы Токтомушев, Ресейдің Азия бөлігі мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Нафигулла Аширов, Кавказ мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Аллахшукюр Паша-Заде, Ресей Орталық мұсылмандар діни басқарасының төрағасы, бас мүфти Талгат Сафа Таджуддин, Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, Мәскеу ислам институтының ректоры, доктор Дамир Мухетдинов, Ресей мүфтилер кеңесі президиумының мүшесі, Саратов облысының мүфтиі Мукаддас хазрат Бибарсов, Ресейдің Азия бөлігі мұсылмандары діни басқармасының Сібір аймағының мүфтиі, Омск қаласы және Омск облысының діни басқармасының мүфтиі Бота хазрат Бакулин, Ресей мұсылмандары діни басқармасы төрағасының Сібір бойынша өкілі Дәулет Балтабаев және Астана және Қазақстан митрополиті Александр жолдады.

Бөлісу: