22
Жұма,
Қараша

һижри

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Бас мүфтимен кездесті

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Бас мүфтимен кездесті

Ел іші
Жарнама

12 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті, деп хабарлайды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Кездесуде карантиннің жеңілдеуі жағдайында діни ғимараттардың жұмыс істеу мәселелері талқыланды. Бас мүфти мешіттер ашылған жағдайда діни ғимараттағы қызмет санитарлық нормаларды сақтай отырып жүргізілетінін мәлімдеді. Өз кезегінде вице-министр ҚМДБ-ның мешіттерде коронавирустық індет таралуының алдын алу бойынша бірыңғай іс-қимыл тәртібін әзірлеудің орындылығын жеткізді.

М.Әзілханов мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы ынтымақтың маңызын, әсіресе пандемия сияқты жаһандық сын-қатерлер жағдайында одан әрі күшейту қажеттігін атап өтті. Вице-министр ҚМДБ төрағасына діндар азаматтардың мәжбүрлі карантиндік шараларға түсіністікпен қарағаны және олардың арасында санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтаудың маңыздылығын түсіндіруде мемлекетке көмектескені үшін алғыс айтты.

Өз тарапынан Бас мүфти вице-министрге биылғы 31 шілде мен 2 тамыз аралығында өткен Құрбан айт мерекесі кезінде Министрлік тарапынан көрсетілген қолдауға өзінің алғысын білдірді.

Министрліктің қолдауымен Діни басқарманың «Qurban2020.muftyat.kz» арнайы сайты іске қосылды, соның арқасында азаматтар қашықтықтан қайырымдылық жасай алғанын назарға саламыз. Жалпы, Қазақстан бойынша мереке кезінде 80 мыңнан астам мұқтаж адам құрбандық етін алды.

Сондай-ақ, тараптар деструктивті діни ағымдардың ықпалына түскен азаматтар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселелерін талқылады.

Бөлісу: