22
Жұма,
Қараша

һижри

Бас мүфти Марат Тоқашбаевпен жүздесті

Бас мүфти Марат Тоқашбаевпен жүздесті

Ел іші
Жарнама

13 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары барысында белгілі қаламгер, дін жанашыры Марат Тоқашбаевпен кездесті.

Кездесуде жат ағымдардың теріс идеологиясы, еліміздегі діни ахуал жайы сөз болды.

Марат Тоқашбаев жүздесу барысында «Ислам діні, мұсылман десе, лезде шабуыл жасайтын адамдар пайда болды» дей келе, дінге топырақ шашуға дайын тұратын топтармен жұмыс істеу керектігін алға тартты.

Өз кезегінде Бас мүфти: «Сіз – қаламын серік еткен елімізге белгілі дін жанашырларының бірісіз. Сіздің елдің игілігіне бағытталған ой-пікірлеріңізді үнемі ескеріп отырамыз. Сіз айтып отырған жат ағымдар – еліміздің береке-бірлігіне, тұтастығына, азаматтардың өміріне қауіп төндірушілер. Сондықтан олармен күрес біздің – басты негізгі бағытымыздың бірі» деді.

Кездесу соңында Наурызбай қажы Тағанұлы Марат Тоқашбаевқа ұсыныс-пікірлері үшін алғыс айтып, сый-сияпат жасады.

marat1

marat1

marat1

Бөлісу: