29
Жұма,
Наурыз

һижри

Бас мүфти елордадағы жаңа мешіт құрылысымен танысты (ФОТО)

Бас мүфти елордадағы жаңа мешіт құрылысымен танысты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

8 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес елордада бой көтеріп келе жатқан жаңа мешіттің құрылысымен танысты, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

– Саябақ ортасында орналасқан мұндай ірі мешіт кешені әлемде жоқ. Мұнда тек құлшылық ордасы ғана емес, автотұрақ, мейрамхана, дүкен, мұражай орналасады. Елбасы айтқандай, елордадағы бұл мешіт мұсылман қауымының мақтанышына айналады. Сол күнге Алла жеткізсін! – деген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мешіт құрылысына атсалысып жатқан барша азаматтарға алғыс айтты.

Мешіттің жалпы көлемі – 57 мың шаршы метр. Мұнаралары – 130, ал күмбезінің биіктігі 90 метрге жетеді. Құлшылық үйіне 30 мың адам сияды. Бүгінде мешіттің бірқатар жұмыстары аяқталды, келер 2021 жылы мешіт құрылысы толық аяқталып, мұсылмандардың игілігіне беріледі. Алла қаласа бұл құлшылық ордасы Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт болмақ.

Бөлісу: