22
Жұма,
Қараша

һижри

Бас мүфти Германия елшісімен кездесті (ФОТО)

Бас мүфти Алмания елшісімен кездесті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

9 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тило Клиннерді қабылдады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Кездесуде Қазақстан мен Германия арасындағы әріптестік байланыс барысы сөз болып, адам құқықтарын сақтау, бірлік пен бейбітшілік құндылықтарына қауіп төндіретін әрекеттерге қарсы күш біріктіру, жастарды жаман әдеттен сақтандыру сынды мәселелер қозғалды.

Өз кезегінде елші Тило Клиннер Германиядағы діни бірлестіктердің жұмысы туралы Бас мүфтиге баяндап берді.

Басқосу барысында тараптар ортақ жобалар бойынша ынтымақтастықты арттыруға уағдаласты.    

alman1

alman2

alman3

Бөлісу: