21
Дүйсенбі,
Қыркүйек

һижри

ҚМДБ: Мәжілісте бірқатар мәселе қаралды (ФОТО)

ҚМДБ: Мәжілісте бірқатар мәселе қаралды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

17 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Кеше Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен кезекті ҚМДБ Аппарат жиналысы өтті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Жиналысқа наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлы, Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, Бас мүфти кеңесшілері мен бөлім меңгерушілері қатысты.

Мәжілістің күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды. Атап айтқанда, «Бөлім сағаты» жобасы аясында әр апта сайын салалық бөлімдердің жұмысы мен жоспарын талқылау, мүфтияттың төл басылымдары – «Мұнара» газеті мен «Иман» журналдарына шығатын материалдардың мазмұнын арттыру, «Пәтулар жинағы» кітабының кезекті нұсқасын шығару, діни рәсімдерге қатысты сұрақ-жауаптар жазылған арнайы кітап шығару, Республикалық ақпараттық-насихат тобының жұмысын жандандыру, облыс орталықтарында халал азық-түліктердің арнайы апталығын ұйымдастыру, ҚМДБ жанынан құрылған «Талаба» жастар ұйымының жұмысын жүйелеу, Нұр-Мүбәрак университеті мен медресе-колледж студенттерін қызметке бөлу, т.б. мәселелер жан-жақты талқыланды.

Дін қызметкерлерін жұмысты жаңа қарқынмен істеуге үндеген Наурызбай қажы Тағанұлы: «Біз жауапкершілік жүктелген жаңа заманда өмір сүріп отырмыз. Сондықтан әр қызметкер өзіне тиесілі міндеттерді мұқият орындауы тиіс. Әркім өзін, өз саласын дамытуды ойластырып, жан-жақты ізденуі керек. Тіл оқып, тренингке қатысам деушілер болса, оларға қаржылай көмек көрсетуге де дайынбыз» деп атап өтті.

Мәжіліс соңында Бас мүфти ҚМДБ қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берді.   

apparat1

apparat1

apparat1

apparat1

apparat1

apparat1

apparat1

apparat1

apparat1

apparat1

apparat1

apparat1

apparat1

apparat1

apparat1

apparat1

Бөлісу: