22
Жұма,
Қараша

һижри

Құдайы ас орнына 100 отбасыға қайырымдылық жасады

Құдайы ас орнына 100 отбасыға қайырымдылық жасады

Ел іші
Жарнама

17 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазіргі карантин жағдайына байланысты Мұрат Құрметұлының отбасы үлкен ас беруден бас тартып, көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратып берді, деп хабарлайды semey-meshet.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі. 

ҚМДБ-ның Семей «Қос мұнаралы» орталық мешітінде қала тұрғыны Мұрат Құрметұлы Әубәкіровтің дүниеден қайтқанына 1 жыл толуына орай қайырымдылық іс-шара өтті.

Қазіргі карантин жағдайына байланысты Мұрат Құрметұлының отбасы үлкен ас беруден бас тартып, көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратып берді. 

Қайырымдылық шара барысында жағдайы төмен, көпбалалы 100 отбасыға азық-түлік себеті үлестірілді. Онда ұн 5 кг, май 5 литр, қант 5 кг, шәй, күріш 5 кг, макарон 5 кг, қарақұмық 2 кг және медициналық бетперде, қолғап берілді. Жалпы, бір отбасыға шаққанда 9000 (тоғыз мың) теңге көлемінде  қаржы жұмсалды. 

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Адам баласы дүниеден өткен соң оның амалының барлығы үзіледі (тоқтайды), тек үш түрлі амалы үзілмейді: жария берген садақасы, артынан қалдырған пайдалы ілімі немесе оған дұға жасайтын салиқалы ұрпағы» делінген. 

Көмек алған жандар ризалықтарын білдіріп, жомарттық жасаған азаматтарға да алғыстарын айтып, көңілді күймен тарқасты.

semei1

semei2

Бөлісу: